Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздің Қарулы Күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, Н. Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан «Айбалта-2019» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.  

www.primeminister.kz

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов кірген Елбасының жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі Үкіметтік жұмыс тобын бастаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Келген бойда Үкімет делегациясы Оқушылар сарайында көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі жандармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен және жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Халық алдында сөйлеген сөзінде ҚР Вице-премьері жаңа әлеуметтік саясаттың басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бүгінде мемлекет халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Басты мақсат — адамдарды жұмысқа орналастыру. Сондай-ақ, ол халықтың әлеуметтік осал топтарына жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Жұмыс тобының мүшелері халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін дамыту саласында жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып беріп, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Бұдан әрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевпен, облыс әкімі Қ. Ақсақаловпен «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ базасында қала, аудандар әкімдерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнес құрылымдардың, кәсіподақтық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді. Әлеуметтік әріптестіктің дамуын және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ілгерілету мәселелерін қарастырғаннан кейін Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпорындардың директорлары мен компаниялардың басшыларын жалақыны көтеріп, тұрғын үй мәселелерін шешіп, әлеуметтік пакеттерді кеңейту арқылы өздерінің табысы төмен жұмысшыларына нақты көмек көрсетуге шақырды.

Жұмыс сапарының соңында ҚР Вице-премьері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрлерімен бірлесе отырып, 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Серпін–2050» — «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру барысы туралы кеңес өткізді. Оған бейне-конференция байланысы арқылы мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың, білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ бағдарлама қатысушылары қатысты. Жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланып, бағдарламалар қатысушыларының пікірлері тыңдалды.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін–2050» бағдарламасы бойынша 1411 студент білім алып жатыр, ал «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 43 түлек өңірлік квотаға іліккен. Квота құрамына кіретіндердің барлығына жалпы 10,9 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде көшіруге субсидиялар төлеу түрінде — 3,6 млн теңге және тұрғын үйді жалдау немесе сатып алу шығындарын өтеуге субсидиялар — 7,6 млн теңге.

Кеңес қорытындысы бойынша ЖОО-лар мен кәсіпорындар арасында меморандумдар жасасу арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимылдың болу қажеттілігі атап өтілді. Нарық талаптарына сәйкес сұранысқа ие кадрларды даярлауға және оқу орны бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыс тобының басқа мүшелері облыстың аудандарына барды. ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Аққайың ауданына, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов Петропавл қаласының құрылыс нысандарына барды. Олар емдеу-профилактика мекемелерін, сондай-ақ, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын аралады.

Жұмыс сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасады.

www.primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова және Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері жұмыс сапарын Қарағанды облысында жалғастырды.

ҚР Вице-премьері Республикалық үшжақты комиссия отырысын өткізді. Оған комиссия мүшелері, қала және аудан әкімдері, «Атамекен» ҰКП, ірі компаниялардың, бизнес құрылымдардың және кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Отырыста әлеуметтік-еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, «Бірлестіктердің бостандығы және кәсіподақтарға бірігу құқығын қорғау туралы» №87 Конвенцияны қолдану жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымдарының ұсыныстары бойынша Жол картасын жүзеге асыру сұрақтары қаралды.

Отырысты ашу кезінде Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік әріптестіктің әрекет етуші моделі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті тең дәрежеде бөлуге негізделгендігіне ерекше назар аударды. Әлеуметтік әріптестік саласындағы негізгі міндеттердің бірі — әлеуметтік-еңбек дауларының алдын-алу. Сондықтан әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушылары өндірістік жарақаттың, жалақының уақытылы төленбеуінің, аумақтарда әлеуметтік ушығудың мониторингінің күшеюіне жол бермеу мәселелерін және т.б. ерекше бақылауға алу қажет.

Кәсіби сын-тегеуріндерді басқарудың қазіргі кездегі жүйесін енгізу мақсатында 1 сәуірден бастап 2231 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау стандарттарын енгізді. 184,9 мың жұмыс беруші төмен жалақы алатын 963 мың жұмыскердің еңбек ақысын өсірді. Соның нәтижесінде олардың жалақысы 33%-ға көтерілді (43 мыңнан 57,5 мың теңгеге дейін). Еліміз бойынша барлығы 98,7 мың ұжымдық келісімшарт жасалған, оның ішінде 95,1% ірі және орта кәсіпорындарда ұжымдық келісімшарттар бар.

Әрі қарай Абай қаласының Мәдениет үйінде ҚР Вице-премьері және жұмыс тобының мүшелері көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі жандармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, жұртшылық өкілдермен кездесу өткізді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өз сөзінде жаңа әлеуметтік саясаттың басымдылығы халықтың аз қамтылған отбасыларының кірісін көтеру, тұрғын-үй мәселесін шешу, білім беру және медицина қызметінің сапасын арттыру, аумақтарды кешенді дамыту екенін атап көрсетті. Ерекше назар аударғаны, басты міндет — адамдарды жұмыспен қамту, ал әлеуметтік көмек объективті себептерге байланысты өз бетінше еңбек ете алмайтын адамдарға көрсетіледі.

Жұмыс тобының басқа мүшелері өз бағыттары бойынша Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндірді. Соңында жұмыс тобының мүшелері залдан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Осы күні білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова және денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов Қарағанды және Абай қалаларының мұғалімдерімен, дәрігерлерімен, құрылыс компанияларының жұмыскерлерімен кездесті. Кездесулерде білім беру және денсаулық сақтау салаларын әрі қарай дамыту, құрылыс нысандарының сапалы және мерзімінде аяқталуы секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Үкімет делегациясының жұмысы Солтүстік Қазақстан облысында жалғасады.

www.primeminister.kz

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі Бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуалды жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, М. Бектанов Қазақстан Президентіне осы күндері өтіп жатқан «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін күшейту, сондай-ақ, өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

www.primeminister.kz

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі Дахир Мутиш әл-Эназиді, оның елімізде дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-сауд ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Нұр-Сұлтан мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастар туралы айту барысында сұхбаттасушылар бүгін екі мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді жұмысының арқасында түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізгенін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауд дипломаты Қазақстанда қызмет еткен жылдарда екіжақты байланыстарды нығайту бойынша жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Министр Сауд Арабиясына қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты негізде және халықаралық деңгейде тұрақты кездесулер мен консультациялар арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетін білдірді.

Д.М. әл-Энази Қазақстанда жұмыс істеуі оған құрмет болғанын білдіріп, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, елдің халықаралық аренада беделін нығайтуына және Қазақстен мен Сауд Арабиясы арасында тығыз және сенімді қарым-қатынастардың орнатуына зор үлесін атап өтті. 

ҚазАқпарат

Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Б. Сағынтаев, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ. Қасымов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, Президент Әкімшілігінің және Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамы қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Ішкі істер министрлігінің алдына құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қалыптастыру туралы міндет қойғанын айтты.

«Полицияның жұмысы қоғамның жіті назарында. Сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтарының мүдделерімен және қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Сондықтан, Ішкі істер министрлігінің жұмысы айқын әрі жүйелі болуы керек. Полиция ашық болуы тиіс. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет. Осы мақсатта біз Елбасы бастаған құқық қорғау жүйесіндегі реформаны жалғастырамыз. Реформаның негізгі міндеті – қазақстандықтардың құқықтарын қорғау ісін мүлтіксіз қамтамасыз ету», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті еліміз бойынша қылмыстық ахуал тұрақты екенін атап өтіп, ішкі істер органдарының жұмысындағы күшейтуді талап ететін бағыттарды көрсетті. Соның ішінде, полиция мен қоғамның арасындағы өзара тиімді іс-қимылдың болмауы, мал ұрлығы, ұялы телефондар мен автомобиль бөлшектерінің қолды болуына байланысты алдын алу жұмыстарының қажетті деңгейде болмауы, сондай-ақ, есірткі бизнесіне қарсы күрестің әлсіз болуы мәселелері бар. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жол апатынан болатын өлім-жітім көрсеткішін азайту қажеттігіне, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына, азаматтарымызды табиғат апаттарынан және төтенше жағдайлардан қорғау жұмысын күшейтуге ерекше назар аударды.

«Полицияға қойылатын негізгі талап – тиімді жұмыс. Ал оның тиімділігін бағалаудағы басты шарт – халық сенімі. Тұрғындар полицейлердің дөрекілігі мен біліксіздігіне байланысты жиі шағым айтады. Кейбір жағдайларда полиция қызметкерлерінің өздері заңды бұзады, әсіресе жол ережелерін сақтамайды. Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан реформалар аясында тәжірибелі әрі адал кәсіби мамандарды сақтап қалудың кешенді шараларын қарастыру қажет. Сондай-ақ, жас кәсіби мамандарды іріктеу барысында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетіне баса назар аудару керек», — деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік туристермен жұмыс істеу үшін арнайы мамандандырылған жеке бөлімдерге байланысты қабылданып жатқан шаралардың орынды екенін атап өтіп, шетелден келген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағымды инвестициялық климат қалыптастырудың аса маңызды шарты екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өз өміріне қауіп төнсе де, өзге адамдарға көмек қолын созатын қатардағы полицейлерге ризашылығын білдіріп, мемлекет тарапынан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне және олардың отбасына лайықты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевтың есебін тыңдаған соң жүктелген міндеттерді орындау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалана отырып, жүйелі жұмысты жолға қоюды, ал Үкіметке министрліктің жұмысын қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алқа отырысында берілген тапсырмалар Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңес Хатшылығының ұдайы назарында болатынын атап өтті.

www.primeminister.kz

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовтен құралған жұмыс тобын бастаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Қарағанды облысының Жезқазған қаласына барды.

Делегация сапарының алғашқы нысаны 2014 жылдан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еншілес кәсіпорны саналатын медициналық орталық болды. Онда күн сайын 800-ге жуық адам медициналық қызметтер алады, сондай-ақ, стационар жағдайында 300 адам емделеді.

Бұдан кейін Вице-премьер инклюзивті тәрбие мен білім беруге, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға мамандандырылған «Ертөстік» балабақшасына барды. Мектепке дейінгі мекеме заманауи жабдықпен жарақтандырылған, интерактивті тақтасы бар компьютер сыныбы, сенсорлық және медициналық кабинеттер, логопед пен психолог бөлмелері бар. Бүгінде мұнда 255 бала білім беру қызметтерін алып жүр.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова «Яркие умы» орталығына барды. Оның негізгі міндеті — халыққа алдыңғы қатарлы әдістемелер бойынша жүзеге асырылған цифрлық технологияларды қолжетімді ету, бағдарламалау мен роботты техника тілдеріне оқыту. Оның базасында көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ, жастар оқып, бос уақыттарын өткізеді.

Бұдан әрі ҚР Вице-премьері мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. 2018 жылы тұрақты жұмыс орындарына 2728 адам орналасты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2108 адам тартылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 243 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 115, жастар тәжірибесіне — 121 адам бағытталды. «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша 100 адам оқудан өтіп, 19 адам шағын несие алды.

Бұдан кейін Г. Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдады. Атап айтқанда, бес баланың анасы Гүлмира Аманжолова Жезқазған университетінде оқып жатқан өзінің екі баласының оқу ақысына 50% жеңілдік беру мәселесін шешіп беруді сұрады. Вице-премьер өңір басшылығына аталған мәселені шешуді тапсырды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Н. Мамырбаеваның да мәселесі оң шешімін тапты. Г. Әбдіқалықова оны мамыр айында квота боынша Республикалық оңалту орталығына бағыттауды тапсырды.

Күннің негізгі шарасы Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының әкімдерінің, ірі кәсіпорындардың, бизнес құрылымдарының, кәсіподақтық ұйымдардың басшыларының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде өткен кеңес болды. Кеңесті ашқан Г. Әбдіқалықова көптеген ірі компанияларда дамыған елдерге тән, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, қайырымдылық және меценаттық белгілері бар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік моделі дамып келе жатқанын атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынған реформаларды жүзеге асырудың арқасында "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" түсінігінің талқылануының өзі Қазақстанда өркениетті нарық қалыптастыру жолында үлкен қадам жасалғанының белгісі. Жалпы алғанда, 2018 жылы республика бойынша әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнес 89,8 млрд тг сомасына 290 әлеуметтік нысан салынды», — деді Г. Әбдіқалықова.

Кеңес соңында ол бизнес қауымдастық басшыларын көп балалы және аз қамтылған жұмысшыларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсете отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жүйелі түрде ілгерілетуге шақырды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың Жезқазған қаласына жұмыс сапарының соңғы нүктесі сегіз бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана Г. Нұрмағамбетованың отбасы болды. Ол байыту фабрикасында конвейер машинисті болып жұмыс істейді. «Қазақмыс» корпорациясы оған жиһазы бар төрт бөлмелі пәтер сыйлаған. Пәтер иесі халыққа қамқорлық танытуға бағытталған өзекті әлеуметтік саясат жүргізіліп жатқаны үшін мемлекетке шын жүректен алғысын білдірді.

Өз кезегінде, жұмыс тобының басқа мүшелері Жезқазған, Сәтпаев қалаларының нысандарын аралады. Олар ауруханалар, емханалар, мектептер мен салынып жатқан нысандарға барды. Тұрғындармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Бұдан өзге, халықты жеке қабылдаулар өткізілді, онда қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Қарағанды қаласында жалғасады.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

А. Данкан атап өткендей, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер бар және шетелдік инвестицияларды тарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы аясында А. Данкан Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда негізгі ережелердің сабақтастығы қамтамасыз етілетініне сендірді.

«Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін зор әлеуеті бар, оны тиімді пайдалану қажет», — деді ҚР Премьер-Министрі А. Мамин.

ҚР-да британдықтардың қатысуымен 850-ден аса заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде Royal Dutch Shell, Ernst&Young және басқалары бар. Бизнес құрылымдардың өзара іс-қимылын одан әрі ұлғайту үшін биыл қазан айында Лондонда кезекті қазақстандық-британдық инвестициялық форум өтеді, бұл шара ірі британдық бизнестің қызығушылық танытқан жаңа өкілдерін тартуға мүмкіндік береді.

www.primeminister.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Т. Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Вольск Жоғары әскери тыл училищесін, РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери тыл және көлік академиясын, РФ Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған. Жоғары арнайы әскери, оперативті-стратегиялық білімі бар офицер.

Еңбек жолын 1989 жылы танк полкінің азық-түлік қызметінің басшысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР Әскери әуе күштерінде, ҚР Қарулы күштерінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет атқарды.

2001–2006 жылдары — ҚР Республикалық гвардия қолбасшысының орынбасары.  

2008–2010 жылдары — ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы.

2010–2013 жылдары — ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

2014–2015 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісінің орынбасары.

2015–2016 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

www.primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Алексеевич Коновалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.

www.primeminister.kz

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту