Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі ретінде тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми Twitter парақшасында жарияланды.

Бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңа Премьер-Министр лауазымына А. Маминнің кандидатурасын мақұлдады.

www.primeminister.kz

Бүгін Үкімет отставкаға кетті.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді.

Мемлекет құру оңай жұмыс емес. Жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи өлшеммен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы Ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық.

Елбасы — еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті, халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады.

Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

Сегодня Правительство ушло в отставку.

Елбасы — отец-основатель нашего государства всегда принимает решения исходя из интересов государства и народа, ставя во главу угла благополучие всех граждан страны.

Создание государства — это нелегкий труд, а создание такого государства как наша страна за столь короткий исторический срок без внутренних потрясений и конфликтов заслуживает уважения и восхищения во всем мире.

Наш Президент — великий созидатель нашего времени. Только с Елбасы народ Казахстана связывает свое настоящее и будущее.

Хочу поблагодарить Елбасы, Президента Казахстана Нурсултана Абишевича Назарбаева за высокое доверие, которое мне было оказано все эти два с половиной года работы Премьер-Министром страны.

Үкімет үйі

Астана

www.primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығының мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлық мәтінінде.

www.primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезектен тыс отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады.

Б. Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді іске асырудағы үйлесімді атқарылған жұмыс үшін Үкімет мүшелеріне алғыс айтып, барлығына табыс тіледі.

www.primeminister.kz

Мәлімдеме мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

Құрметті қазақстандықтар!

Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдағалы отырмын.

Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды.

Бұл — әрине, жақсы кезең.

Бірақ, бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз.

Мен ұсынған Үшінші жаңғыру және «100 нақты қадам — Ұлт жоспары» құрылымдық реформаларды жедел жүзеге асыруға бағытталды.

Бес институционалдық реформаның толық іске асырылуы шағын және орта бизнестің үлесін түбегейлі арттыруға және экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін азайтуға, банктерді «тазартуға», соттарға және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруға тиіс.

Қабылданған заңдарға, Үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді.

Ішкі жалпы өнім негізінен шикізат ресурстары есебінен өсті.

Бірақ, Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты.

Өнімді жұмыс орындары жеткілікті түрде ашылмай отыр. Бұл әсіресе ауылдық жерлерге қатысты. Шағын және орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне және оны дамыту ісі әкімдер мен министрлердің негізгі міндетіне айналмады.

Мен тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасы әрбір Үкімет мүшесі мен әрбір әкімнің жұмысындағы негізгі басымдық болу керек деп бірнеше рет айттым.  

Екі жыл бұрын біз конституциялық реформа жүргіздік. Осыған орай Үкімет әкімдермен бірге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, оған жауап беру үшін барлық тиісті өкілеттік пен дербестікке ие болды.

Индустриалды, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға қатысты барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы бөлінді.

Дегенмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті.

Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.

Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді.

Бұл ретте, мен ел Президенті әрі Конституцияның кепілі ретінде халықтың мүддесін ескере отырып, мынадай шешім қабылдадым.

Үкімет отставкаға кетуге тиіс деп санаймын.

Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы ынталандыру, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеуге тиіс.

Мен «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады.

Бұл қаражат мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту.

2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру.

3. Өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту.

Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бәріне бақылау орнатылады. Осы бағыттар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады.

www.primeminister.kz

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаевтың төрағалығымен еліміздің азаматтарының табысын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында өңірлердегі оперативті штабтарға, сондай-ақ аулаларды аралау кезінде жұртшылықтан келіп түскен ұсыныстарды іске асыру тетіктері қаралды. Жалпы, 14 мың өтінімге талдау жасалды. Халықтың әлсіз топтарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында мектепте тегін тамақ беру, жеңілдік берілген жол жүру ақысы, мектеп формасымен және оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу және т. б. жеңілдіктерден тұратын әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтердің бірыңғай стандартты пакеті әзірленеді. Сонымен қатар, жекелеген облыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір өңірге қатысты баспанамен қамтамасыз ету, білім беру және медицина қызметтеріне қолжетімділік және т. б. салаларда нақты іс-шаралардан тұратын әлеуметтік карталар әзірленеді.

Халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй құрылысын ұлғайту, тұрғын үй сертификаттарын беру, оған қоса, үй-жайлардың өмір сүруге жарамдылығын тексеру арқылы тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.

Отырысқа «Нұр Отан» партиясының, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, селектор режимінде — ұлттық экономика, білім және ғылым, қоғамдық даму министрліктерінің, сондай-ақ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Айта кету керек, мәселелерді талқылауға сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне және облыстардың әкімдіктеріне әлеуметтік жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту мүмкіндігіне қатысты қажетті есептерді аяқтауды тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, ішкі істер министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үй жағдайларының сапасын реттеу саласында қажетті заңнамалық өзгерістерді пысықтау тапсырылды. Бұдан өзге, қоғамдық даму, денсаулық сақтау министрліктеріне ҮЕҰ-ның мәселені талқылау кезінде айтылған ұсыныстарын пысықтау тапсырылды.

www.primeminister.kz

Қазақстанның сауда саясаты агрессивті бола түсуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты.

«Ішкі және сыртқы саясат сияқты сауда саясаты да біршама агрессивті әрі проактивті болуы қажет. Қазірдің өзінде бос емес нарықтармен бәсекеге түсеміз. Таяу жылдары көршілеріміздің қарқынды дамуы есебінен қалыптасатын еркін экспорттық кеңістіктегі өсім барынша шектеулі болады», - деді бірінші вице-премьер.

Оның айтуынша, бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. «Қазақстаның индустрияны дамыту институты» АҚ  базасында шоғырландырылған институт іске қосылды. Оның қызметінің негізгі бағыты микро және макро жағдайларда экспорттық саясатты жоспарлау және жүзеге асыру болады.  

«Бұл бағыттағы мұнан арғы жұмыс шетелде Қазақстанның экспорттық саясатын ілгерілету тетіктерінің аясын кеңейту және тереңдетуге шоғырлануы тиіс», - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2019-2021 жылдары экспорттаушыларды қолдау шараларын күшейту үшін 500 млрд теңге жұмсалатындығын айтқан еді.

Аталған соманың 470 млрд теңгесі қаржылық, ал 30 млрд теңгесі қаржылық емес шараларды құрайды.  Қаржылық және сервистік шараларды күшейту әкімшілік және сауда кедергілерін еңсеруге мүмкіндік береді. Бизнеске әлеуетті сатып алушыны таңдауға, көлік шығындарын төмендетуге жол ашады.

ҚазАқпарат

Парламент Сенаты жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

«Келісімнің негізгі мақсаты - екі елдің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсете отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Келісімді ратификациялау - экспорттау және импорттау операциялары кезінде туындайтын негізгі әкімшілік кедергілерді шешуге ықпал етеді. Бұл тұрғыда әкелінетін әскери өнімді лицензиялаудан босатады және оларды жеткізу мерзімдерін қысқартады»,- деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аманияз Ержанов.

Оның сөзіне қарағанда, екі ел арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрін жасауда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ қолданыстағы техниканы жаңғырту шаралары ескерілген.

«Тараптар зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету және оны рұқсатыз пайдаланудың алдын алу шараларын қабылдауға міндеттеледі. Яғни, Қазақстан мен Беларусь кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық байланысы әскери-техникалық ғылымдарды дамытуды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлері өндірісін жетілдіруге негізделген», - деді А. Ержанов.

Келісімді ратификациялау бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік салдарға әкеліп соқпайды.

Белгілі болғандай, еліміз мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында Беларусьтен тікелей әскери техника сатып алып жатқан жоқ. Алайда броньды техниканы, авиациялық техниканы жөндеу шаралары ескерілген.  Қазақстан өз кезегінде зеңбірек пен оған байланысты өнімдер жеткізеді.

ҚазАқпарат

2020 жылы Қазақстанның барлық өңіріндегі әуежайларда жолақтар жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты.

Министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде баяндама жасаған ол 2018 жылы Семей қаласы әуежайының аэровокзалы мен ұшып-қону жолағын жаңғырту жұмыстары аяқталғанын айтты. Сондай-ақ Петропавл әуежайында ұшақ тұрағының орнын көбейту үшін перроны кеңейтілгенін еске салды.

«Қостанай қаласы әуежайының ұшып-қону жолағын жаңғырту жұмысы басталды. Ол ағымдағы жылы аяқталады. Сонымен қатар биыл Өскемен мен Орал қалаларының әуежайларын жаңғырту басталады. 2020 жылға дейін еліміздегі барлық әуежайлардың ұшып-қону жолағын жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда», - деді Р.Скляр.

Сонымен қатар ол облыс әкімдерімен жергілікті әуе желілерін қалпына келтіру үшін басымдығы бар елді мекендерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта Үржар, Зайсан және Үшарал жергілікті әуе желілерінің аэродромдары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы аэродромның ұшып-қону жолағына қатты жабынды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

ҚазАқпарат

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.

Келісімге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары 2017 жылғы қарашада Минск қаласында қол қойды.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы сенімді нығайту шараларын дамыта отырып, тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасуды жүзеге асырады.

«Құжат Қазақстанның халықаралық міндеттеріне қайшы келмейді. Келісім халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті нығайтады, шабуылдарға бірлесіп ден қоюдың тәжірибелік тетіктерін қалыптастырады, ұйым кеңістігінде сенім шараларын дамытады және нығайтады. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің технологиялық негіздерін пысықтауға бағытталған», - деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аманияз Ержанов.

Атап айтқанда, ұйым елдерінің мемлекеттік органдары компьютерлік шабуылдардың шығу көздерін табу үшін бірлескен іс-шараларды өткізуге ықпал етеді. Екіншіден, аса маңызды құрылымдарды қорғау мәселелерінде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беріледі.

«Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржыны бөлуді қажет етпейді және теріс экономикалық әрі құқықтық салдарға әкеліп соқпайды», - деді вице-министр.

ҚазАқпарат

Мұрағат

Наурыз
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту