Санкт-Петербург қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейдің «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті.

Кездесуде Астананы газдандыру жобасының іске асыруға қолайлы болатын бағыттары талқыланды. Талқылау барысында бірлескен жұмыс тобын құру шешімі қабылданды, жұмыс тобына қысқа мерзімде Астананы және Орталық Қазақстанды газдандыру үшін Ресейден Қазақстанға тартылатын транзиттік магистральді газ құбырын салуға мүмкіндік беретін бағыттарды әзірлеу тапсырылды.

Осы орайда, транзиттік магистральді газ құбырын салу жобасын сәтті іске асыру газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өту маңызды.

Сондай-ақ тараптар Каспий теңізіндегі және шекаралас кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Жалпы айтқанда тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастық қанағаттанарлық екендігін атап өтті.

Қ. Бозымбаев қазақстандық тараптың бірлескен жобалардағы ұзақмерзімді әріптестік қатынастарды нығайту және кеңейтуді қолдайтындығын атап өтті, сондай-ақ газ саласындағы екі елдің ынтымақтастық потенциалын бұдан әрі тиімдірек дамытуға ниеттілігін білдірді.  

Еске сала кетсек, 2016 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Мемлекет басшылары 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойған болатын.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 27 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту