Сотта мүліктің тәркілеуге жататындығы міндетті түрде дәлелденуі тиіс. Бұл туралы Мәжілістегі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті.

Министр атап өткендей, заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске түзетулер қарастырылады. Жалпы алғанда, құжат меншік иелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған түзетулердің бес тобын қамтиды.

«Үшінші топ мүлікті тәркілеу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған. Мысалы, прокурордың құзыретіне зерделеуге жататын мәселелердің тізбесіне ықтимал тәркілеу үшін негіз болатын «мүлік қылмыспен байланысты ма немесе жоқ па?» деген тұжырымды қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ сот кеңесу бөлмесінде үкім шығару кезінде мүліктің тәркілеуге жататындығы дәлелденгенін немесе дәлелденбегенін шешетін болады. Оған қоса, соттың мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны тағайындау кезінде, үкімде нақты қандай мүліктің тәркілеуге жататынын көрсету көзделеді», - деп түсіндірді Бекетаев.

Төртінші топ мұрагерлік, нотариат, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының үлестерін бөлу және заңды талаптарды тіркеудің кейбір мәселелері бойынша түзетулері қамтиды.

Талқылаулардан кейін палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Бірінші топта банктің қарыз шарттары бойынша түзетулер ескерілген. Мысалы, несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шоттар бойынша комиссия алуға тыйым салу ұсынылады.

Екінші топта жерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтарудың тәртібі нақтыланды. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту