ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аймақтағы басқарма басшыларына ескерту жасады.

"Бүгінде жергілікті жерде денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын тағайындарда министрлік өз келісімін береді. Бірақ біз ол келісімді кері қайтара аламыз. Мен стратегиялық департаментке арнайы тапсырма беремін. Осы жылдың нәтижелерін зерттеп, қай облыста тиісті жұмыс дұрыс жасалмаса, әкімдерге ұсыныс жібереміз, я болмаса, келісімді кері қайтарамыз", - деді Е.Біртанов бүгін кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Айта кетейік, алқа мәжілісіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев та қатысты. Үкімет басшысының орынбасары xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамамыз ету саласындағы тәртіп бұзушылықтарды атап, сәуір айының аяғына дейін барлық облыстарда тексеру жүргізуді тапсырды.
 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту