ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы Мирас республикалық кеңесінің отырысында Ұлттық кодты қалыптастырудағы телевизия мүмкіндіктері туралы баяндады.

«Рухани жаңғыруымыздағы Ұлттық кодты қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының орны зор. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің арнайы жүргізген әлеуметтік зерттеулері бойынша қазақстандықтар теледидардан ақпарат алуға күнделікті 120 минутын жұмсайды екен. Салыстырмалы түрде, интернет-ресурстар мен баспасөздегі ақпаратты оқуға 60 және 45 минутын арнайтыны анықталды, - деді Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысында.

Осы орайда министр мемлекеттік тапсырыс аясында отандық және коммерциялық телеарналар мен радиолардың еліміздің тарихын, әдет-ғұрпын насихаттайтын бағдарламалар дайындап жатқанын атап өтті.   

«Хабар 24» пен «Qazaqstan» арналары «Інжу-Маржан» атты 100 циклды құрайтын 30 бағдарламаралық бейнероликті ротациялады. Сонымен қатар, «Хабар» телеарнасы «Болашаққа бағдар», «Сана» жобаларын жарыққа шығарды. Шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыз үшін «Kazakh tv» телеарнасы ұдайы ақпарат таратуда. Онда жаңалықтардан бөлек, еліміздің жетістіктерін насихаттауға бағытталған алты циклдық бағдарлама бар», - деп сөзін толықтырды министр.  

Министрлік Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асырған. Қазір жоба қатысушылары туралы деректі фильмдер мемлекеттік телеарналардың эфирінен трансляцияланып жатыр.

«Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған басым бағыттардың орындалуына байланысты 2017 жылы атқарылған іс-шаралар туралы «Жаңғыру жолы. Жаңа тұрпат»  атты деректі фильмі көрермен назарына ұсынылған.

Сондай-ақ, халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған әлеуметтік роликтер дайындауға да баса мән беріліп отыр. 2017 жылы 131 әлеуметтік бейнеролик әзірленген.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту