Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Инновациялық экожүйедегі цифрландыру» тақырыбында халықаралық сараптамалық кеңестің алтыншы отырысы өтті.

Отырыс барысында цифрландыруды дамытудың өзекті мәселелері және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері талқыланды. Инновациялардың адами капиталды дамытуға әсеріне ерекше көңіл бөлінді. Еркін пікірталас форматында цифрлық дамудың әлемдік тәжірибесі, электрондық үкіметтің рөлі, жас таланттарды тәрбиелеу, стартап жобаларға инвестициялар салу мәдениетін дамыту, заманауи технологиялық жүйелерді әзірлеу кезіндегі қаржылық тұрақтылықты арттыру, сондай-ақ инновациялық экожүйенің білім беру сапасын арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға әсері туралы пікір алмастырылды.

Айта кету керек, осы жылы Кеңес отырысына әлемдік деңгейдегі сарапшылар — «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі» форумының қонақтары қатысты. Олар әлемдік инновациялық экожүйенің қазіргі дамуы және аталған саладағы Қазақстанның мүмкіндіктері туралы өз пікірлерімен бөлісті.

БҰҰ цифрлық үкіметінің басшысы Винченцо Акуаро, Big Innovation Centre бас директоры Бриджит Андерсон, Zero One Booster президенті, тең құрылтайшысы Джордж Года, Rockstarz Asia бас директоры, Astana Hub кеңесшісі Джозеф Циглер, цифрлық экономиканы трансформациялау жөніндегі кеңесші, Малайзия цифрлық экономика корпорациясының бұрынғы бас директоры Ясмин Махмуд, Ресейдегі және ТМД-дағы IDC вице-президенті Роберт Фариш, Tlabs бас директоры, Singularity University экономика және қаржы факультетінің деканы Амин Туфани, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы — IoT және Дүниежүзілік экономикалық форумның құрама құрылыстарының басшысы Джефф Мерритт өз ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, отырысқа Қазақстан ЖОО-ларының өкілдері: Қазақстан–Британ Техникалық Университетінің ректоры К. Ибрашев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Д. Шыныбеков, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ корпоративтік даму жөніндегі проректоры Б. Бармағамбетов, Назарбаев Университетінің инновациялар жөніндегі вице-президенті Е. Құсайын, Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканы М. Льюис қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев цифрландыру үдерісі, ең алдымен, азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Бұдан өзге, үздіксіз технологиялық жаңару жағдайында цифрлық жаңалықтар оперативті түрде жүзеге асырылуы керек екені айтылды. Осыған байланысты сарапшылардың ұсыныстары егжей-тегжейлі пысықталатын болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 қаңтар 2019

Мұрағат

Қаңтар
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту