Үкімет алаңы: Асқар Жұмағалиев Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы туралы

Соңғы жылдары еліміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы әлемдік технологиялық прогресс үдерістерінен қалыспай, қарқынды дамып келеді. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ұлттық секторды қалыптастыру Үкіметтің алдындағы басымдықты жұмыстардың бірі болып табылады. ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев Pm.kz сайтына берген сұхбатында мемлекеттік қызметтерді е-форматқа ауыстыру, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту және байланыстың жаңа стандарттарын енгізу жаңалықтары туралы әңгімелеп берді.


- Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік-маңызды мемлекеттің қызметтердің 60 пайызын электрондық форматқа ауыстыру, сондай-ақ 2013 жылдан бастап рұқсатнама құжаттарды бере бастау туралы міндет қойған болатын. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру және құжат түрлерін оңтайландыру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны туралы әңгімелеп берсеңіз.


- Атқарылып жатқан жұмыстың аралық нәтижесіне тоқталар болсақ, бұл санаттағы қызметтердің 15 пайызы өткен жылы электрондық форматқа ауыстырылған, ағымдағы жылы тағы 60 пайызды еңсеруді жоспарлап отырмыз, ал 2014 жылға қарай барлық әлеуметтік-маңызды қызметтер электрондық нұсқаға толық ауыстырылады деп күтілуде. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үрдісі қызмет көрсетудің мерзімдерін, халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқартуды, сондай-ақ біртекті мемлекеттік қызметтерді біріктіруді қарастырады. Бұл жаңалықтың нәтижесінде 138 құжат түрі оңтайландырылып, тұрғындар мен бизнес өкілдері қағаз түрінде 42,2 млн. құжатты тапсырмайтын болады. Министрлік сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 80 рұқсатнама құжатын оңтайландыру және автоматтандыру іс-шараларының жоспарларын әзірледі. Бүгінгі таңда білім беру, медициналық қызметтер көрсету, автомобиль көлігі, автожолдар және тасымалдау қызметтері, өнеркәсіп және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары және т.б. салаларға қатысты рұқсатнамалардың тізбесі бекітілді. Бұл қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда барлық лицензиялар тек электрондық форматта беріле бастады. Өтініш беруші лицензия немесе лицензияның қосымшасын алуға өтінішті тиісті мемлекеттік органға немесе www.elicense.kz порталына өтініш жазу арқылы бере алады.


- Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың маңызды бір бағыты болып отыр. 2012 жылдың соңына дейін қандай нәтижеге қол жеткізбексіздер?

- Қазіргі таңда елімізде 249 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларындағы 28 орталық өткен жылы жаңғыртылды. Бүгінде 221 аудандық және қалалық орталықта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кету керек, еліміздің барлық өңіріндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тосқауылсыз қызмет көрсету әдісі енгізіліп отыр. Жаңғырту жұмыстарының барысында, орын-жайдың ауданына қарай, электрондық үкімет бұрыштары ашылуда. Ол бұрыштарда egov.kz порталының қызметімен танысуға және электрондық сандық қолтаңбаны алуға болады. Оған қоса, балаларымен келген азаматтар үшін балалар алаңдары жабдықталуда. Және бірыңғай электрондық кезек жүйесін енгізу қарастырылуда. Тағы бір маңызды мәселе, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар egov.kz порталы арқылы немесе «1414»call-орталыққа хабарласып, келу уақыттарын броньдай алады. Оған қоса, қызметкерлердің біліктіліктерін жетілдіруге, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға, қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 7 мемлекеттік орган желісі бойынша мемлекеттік қызметтің 59 түрі көрсетіледі. Ал 2013 жылдан бастап осы Орталықтар арқылы 20 мемлекеттік органның 156 мемлекеттік қызметі көрсетіле бастайды деп жоспарлануда.


- Өткен жартыжылдықта өңірлерде қанша мобильді ХҚО іске қосылды және 2012 жылдың соңына дейін тағы қаншасы іске қосылмақ?


Бүгінде ондай 16 орталық бар және ол мобильді топтардың жұмысы алыстағы аудан орталықтарына баруға мәжбүр болып жүрген ауыл тұрғындарының қолдарын ұзартып отыр.
Қызметтердің негізгі түрлері ауыл округтерінің әкімдерімен алдын-ала келісілген кесте бойынша көрсетіледі. Ауыл тұрғындарының осындай мобильді топтардың жұмысына аса мұқтаж екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында мобильді орталықтардың аудандарға жасаған 3,7 мың жұмыс сапарларының барысында тұрғындарға 81 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2012 жылдың соңына дейін тағы 56 мобильді орталық жұмысқа кіріспек.


- Биыл сондай-ақ «электрондық үкіметті» дамыту жөніндегі ауқымды жұмыстар жүргізіліп, бұл жұмыстардың нәтижесі WSIS – 2012 форумында жоғары бағаланды. 2012 жылы е-форамттағы тағы қандай жаңа қызметтер ұсынылмақ?

-Биыл өткен Ақпараттық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу форумында Қазақстан делегациясы ақпараттық қоғамды дамыту саласындағы еліміздің жетістіктерін таныстырды. Қазақстанның жетістіктеріне деген ықылас, ең алдымен, «электрондық үкіметтің» қарқынды дамуына байланысты туындап отыр. Бүгінде е-үкіметтің инфрақұрылымының аясында халыққа 2 мыңнан астам ақпараттық қызмет, сондай-ақ 236 интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетіледі, оның ішінде 108 қызмет е-лицензиялау порталында, 128 қызмет – электрондық үкімет порталында көрсетіледі. Еgov.kz порталында электрондық қызметтер, түрлі сервистер ұсынылады, мемлекеттік төлемдер, мемлекеттік баж салықтары мен салық төлемдерін, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзу үшін төленетін айыппұлдар қабылданады. Сондай-ақ Алматы, Астана, Қызылорда қалаларының тұрғындары коммуналдық қызметтер үшін де төлем жасай алады. Электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтердің саны біртіндеп өсе беретінін айтып өткім келеді.


- Сіз WiMax және FTTH, сондай-ақ өңірлердегі CDMA-450 кең жолақты Интернетті дамытуды қалай бағалайсыз? Үстіміздегі жылдың соңына дейін сымсыз Интернетпен қамту қаншалықты артады?

- Қазақстанда кең жолақты Интернет желісі қызметін дамыту CDMA-450/EVDO, FTTН, Wi-Fi, 3G және 4G технологиялары бойынша жүзеге асырылады. EVDO технологиясын қолдану арқылы кең жолақты Интернет желісі қызметін ұсыну бүгінгі күні Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылды. Жылдың соңына дейін аталған технология басқа олбыстарда да іске қосылады. Жобаны 2014 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қолжетімділік жылдамдығын ұлғайту және абоненттерге көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында 2010 жылы «Қазтелеком» АҚ FTTH бәсең оптикалық технология қолданылатын желінің құрылысын салуға кірісті. 50 мың FTTH портын қосу мүмкіндігі бар оптикалық желі салынып та қойылды. Абонент жағына ақпарат беру 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықты құрайды.

Жобаның І кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы талшықты-оптикалық абоненттік қосылу Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен қалаларында және облыс орталықтарында 3 718 көппәтерлі үй, 2 755 коттеджді қамтыған 146 нысан салынған. Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа есептелген GPON желісі монтаждалып, іске қосылды.

FTTH технологиясы бойынша Интернет желісін барлық қалалар мен облыс орталықтарына 2015 жылға қарай қосып бітіру жоспаарланған.

Сонымен қатар, Министрлік облыс әкімдіктерімен және байланыс операторларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарын «Wi-Fi» технологиясы бойынша Интернет желісіне қосу жұмыстарын жүргізуде.

Байланыс операторлары берген ақпараттарға қарағанда, «Wi-Fi» технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылған қоғамдық орындар саны 2012 жылдың І тоқсанында 406, қолжетімді нүктелер саны 1894(2011 жылы- 1 816), оның ішінде ақы төленбейтіні -1137 (2011 жылы - 1 067) құраған.

- 2012 жылдың І жартыжылдығында Интернеттің қазақстандық сегментінде қолданушылардың өсу жылдамдығында қандай өзгерістер болғанын айтып берсеңіз.

-Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008-2011 жылдар аралығында Интернетті қолданушылар саны әр 100 тұрғынға шаққанда 15,1-ден 50,6 дейін өскен.

Жылдамдықты өзгерту туралы сөз қозғағанда, тарифтердегі өзгерістерді айтпай кетуге болмайды. Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап, «Қазақтелеком» АҚ жеке тұлғаларға арналған тарифтік жоспарлардың бірінде Интернеттің жылдамдығын абонентік төлемді көтерместен - ішкі ресурстарда - 100 Мбит/с дейін, сыртқы ресурстарда 30 Мбит/с дейін, яғни 3,3-тен 10 есеге дейін ұлғайтты. Әрі трафиктің лимиті алынып тасталған.

Сонымен қатар, «2Day Telecom» ЖШС «Beeline» СМ бірлесіп Интернеттің ішкі ресурсында 100 Мбит/с дейінгі және сыртқы ресурсында 50 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы жаңа тарифті енгізді.

Үстіміздегі жылы «Қазақтелеком» АҚ «Megaline» қызыметіне қосылуды 6%, сондай-ақ, «Megaline» танымал тарифінің абоненттік төлемін 10% төмендетті.

Бәсекелестікті дамыту мақсатында алдыңғы қатарлы байланыс операторлары қызмет көрсету құнын 35% арзандатылған. Қазақстандағы тұтынушыларға арналған интернет-пакеттер деп аталатын ұтқыр Интернеттің құны әлемдегі ең төмен бағалардың білі болып табылады - әр Мб 0,32 теңгеден.

- 4G стандартты ұтқыр байланыс қашан және қандай қалаларда енгізілетін болады?

Қазақстан Республикасы аумағында 4G LTE стандартты ұтқыр байланысты енгізу үстіміздегі жылы бастылып, «Қазақтелеком» АҚ жүктелген. Қазіргі кезде төртінші сатыдағы LTE стандартты ұтқыр байланыстың ілкі жобасын ұйымдастыру және тестілеуді жүргізу үшін Алматы қаласында 4 және Астана қаласында 1 базалық станция орнатылған.

Қазақстан Республикасы радио жиіліктер жөніндегі Комитетінің ведомствоаралық шешіміне сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ мынадай міндеттер жүктелген: 2012 жылдың соңына дейін төртінші сатыдағы байланыс форматын Астана, Алматы қалаларында енгізу. Одан әрі 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін – республикалық барлық облыс орталықтарында енгізу. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін - халық саны 50 мыңнан жоғары елді мекендерде, ал 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай – барлық аудан орталықталықтарында енгізу.

- Қазақстанда интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі жұмыстар басталды. Сіздің пікіріңізше, ставканың ең төменгі пайызы қандай болуы керек және ҚР бағаны заңдық реттеуге көшу қай уақытқа жоспарлануда?

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында ұялы байланыс операторлары тарифті 10% (минутына 16,98-тен 15,3 теңгеге дейін) төмендеткен.

Қазіргі күні интерконнект қызметіне алдыңғы қатарлы ұялы байланыс операторлары қоятын тарифті Министрлік реттемейді, себебі оларды нарық субъектілері тізіміне енгізу жөніндегі мәселелер әлі шешілген жоқ.

Сот жұмыстары аяқталып, алдыңғы қатарлы операторлар тізімге енгізілгеннен кейін, Министрлік сараптама жасап, интерконнектке шектік ставка белгілейтін болады.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Министрлік тарифтерді біріктіру және таратуды зерттеу үшін консалтингтік компаниялардың сарапшыларын тарқан. Зерттеулер нәтижесі бойынша сарапшылар интерконнект ставкаларын реттеуге қатысты нұсқаулары бар қорытынды жасайды.

Құрметті Төраға мырза,
Құрметті БҰҰ-ның Бас Хатшысы мырза,
Құрметті мемлекет және делегация басшылары,
Ханымдар мен мырзалар,


Ең алдымен, Қазақстан Республикасы Президенті Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Иран Ислам Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі доктор Махмуд Ахмадинежадты Қосылмау қозғалысы саммитінің төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтаймын.
Қабырғамыз қайыса отырып, Иран Үкіметі және Иран халқына екі рет жер сілкінуі салдарынан жүздеген адамдардың қаза тапқанына орай қайғырып көңіл білдіргім келеді.
Сондай-ақ, Мысыр Президенті Жоғары Мәртебелі Мохамеуд Морси мырзаға оның елінің Қосылмау қозғалысына соңғы үш жылдың ішінде шебер басшылық жасағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті Төраға мырза,
Қосылмау қозғалысының құрылғанына елу жылдан астам уақыт өтті. Құрылған сәтінен бастап ол ортақ мүдде білдіретін және маңызды мәселелерде белсенді рөл атқарып келді. Қозғалыстың мүше мемлекеттерінің қайсарлық пен табандылығының арқасында қазіргі таңда Қозғалыс серпінді, белсенді және тиімді халықаралық Форум болып табылады. Бұл Қозғалыс дамушы мемкелеттер үшін жаһандық күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша «бір дауыспен» сөйлеудің басты мінберіне айналды.
Қазақстан - Қозғалыстың мақсаттары және ұстанымдарына толық ортақтас мемлекет. Біздің бейбітшіл сыртқы саясатымыз егемендік пен мемлекеттілікті күшейуге бағытталған және тату көршілік ынтымақты қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген. Мұндай көзқарас Қосылмау қозғалысының философиясына толығымен сәйкес келеді деп кәміл сенеміз.
Ядролық қарусыздану мен таратпау Қосылмау қозғалысының күн тәртібінде негізгі мәселе болып қалады. Қазақстан ядролық қарусыз әлемді белсенді қолдаушы ел болып табылады. Біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанындай, елдер ядролық қарудан бас тартып, орасан пайдаға қол жете алатынына Қазақстан тәжиребесі көрсетеді. Әлемдегі қуаты тұрғыдан төртінші ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту мен Семей сынақ полигонын жабу туралы шешімдердің нәтижесінде біз әлемдегі көптеген достар мен ықпалға ие болғанымыз, неғұрлым гүлденуші, тұрақты елге айналғанымыз күмәнсіз. Астанада 29 тамыз күні өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты конференция ядролық қарудан арылу туралы Парламентшілердің үндеуін қабылдады.
Қосылмау қозғалысының осы мәселеге қатысты бұрынғы және берік ұстанымдарын ескере отырып, біз барлық мүше мемлекеттерді Ядросыз әлемнің жалпыға бірдей декларациясын қабылдау бойынша бастамамызды қолдауды сұраймыз. Ол барлық мемлекеттердің ядролық қарудан азат әлем идеалдарына қарай бет алу жөніндегі міндеттемелерін көрсеткен болар еді. Жаппай және толықтай қарусыздану үндеуін қамтитын, Таратпау жөніндегі шарттың 6-бабына толықтай сәйкес келетін Декларацияны қабылдау Ядролық қаруға жаппай және толықтай тыйым салу жөніндегі конвенцияны қабылдау бағытындағы маңызды қадам болады.
Төраға мырза,
Ислам ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің қазіргі Төрағасы ретінде Қазақстан бүгінгі таңда ислам әлемі алдында тұрған теңдессіз міндеттерді шешуге белсенді қатысады. Біз Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу үдерісіне толық қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
Жаңа қыр көрсетулерге тиімді түрде қарсы тұру мақсатында ИЫҰ мен Қосылмау қозғалысы арасындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастық нығаюын маңызды деп санаймыз. Өзара мүдде білдіретін мәселелерді тұрақты түрде талқылап отыру қажет.
Онжылдықтыр бойы Палестина мәселесі Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде негізгі болып қалуда. Қазақстан Палестинаның 1967 жылғы шекаралар аумағында тәуелсіз әрі егеменді мемлекетті құру және Біріккен Ұлттар Ұйымына толыққанды мүше ретінде енуге заңды құқығын шынайы қолдап келді.
Сириядағы бақылаусыз озбырлық тасқыны бұрын-соңды болмаған ауқымға жетіп, өңірдегі тұрақтылыққа қатер тудырып отыр. Сириялық үкімет те, оппозиция да қаруға емес, дипломатияға сүйеніп, дереу зорлық-зомбылыққа нүкте қоюы қажет. Егемендік пен ішкі істерге араласпау қағидаттары сақталуы тиіс. Мемлекет және саяси трансформация үдерісінің болашақ тағдырын сирия халқының өзі анықтауы керек. Біз, сонымен қатар, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша кез-келген шешімдерді қабылдау құқығы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің айрықша құзыреті болып табылады деп кәміл сенеміз.
Құрметті Төраға мырза,
Қазіргі таңда әлемдік экономика күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қазақстан, басқа дп елдер сияқты, әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысына қарсы күрес жүргізуді жалғастыруда. Одан шығу үшін жаңа жасампаз идеялар керек екендігі бәрімізге мәлім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев екі бастаманы ортаға салған еді. Біріншісі – экономикалық және қаржы дағдарысының барлық аспектілерін талқылауға арналған «G-global» сұхбат алаңының құрылуы. Екіншісі – 2013 жылы Астана қаласында БҰҰ қамкорлығымен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференциясын өткізу. Қосылмау қозғалысына мүше барлық мемлекеттерді осы идеяны қолдауға шақырамын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында Қазақстан тарапы 21–ші ғасырдағы тұрақты даму үшін Жаһандық энерго–экологиялық стратегия (GEES) әзірлеуді және «Жасыл көпір» (PPGB) атымен белгілі әріптестік бағдарламасына жасап шығаруды ұсынды.
«Жасыл көпір» қоршаған ортаны қорғауға және кедейшілікті жоюға бағытталып, жасыл экономикаға жәрдемдесу мақсатында елдер арасындағы бірлескен және ерікті ынтымақтастықты қолдауға арналған. Бағдарлама үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, жекеменшік секторының және басқа да мүдделі тараптардың орнықты бизнес, жасыл технологиялар мен инвестициялардың дамуы үшін әкімшілік және нарықтық тетіктерді реформалау жөніндегі бірлескен іс-қимылын ынталандырады. "Жасыл көпір" бастамасы 2012 жылғы маусымда Бразилияда өткен РИО+20 конференциясының Қорытынды құжатына енді.
Халықаралық қоғамдастық назарын энергияның жаңартылатын көздері мәселелеріне аудару үшін біздің ел "Болашақ энергиясы" тақырыбына арналған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу құқығын алуға Астана қаласы кандидатурасын ұсынды.
Қазақстанның жоғарыда аталған бастамалары Қосылмау қозғалысына мүше мемлекеттері тарапынан қолдау табады деген үміттемін.
Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты дәйекті дамуына міндеттемесіне берік. Біз Қосылмау қозғалысы мен басқа өңірлік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жандануы мен дамуына бағытталған күш-жігерді қолдаймыз.
Үстіміздегі жылы біз 1992 жылғы 5 қазанда басталған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 20 жылдығын атап өтеміз. АӨСШК – бірегей ұйым болып табылады. Ол 24 елді (халқының жалпы саны 3 млрд.) біріктіріп, барлық қатысушылар үшін өзара сенімді нығайту шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Қосылмау қозғалысының мақсаттары бірін-бірі өзара толықтыратынын атап көрсеткім келеді. Сол себепті осы екі форум арасындағы байланыстарды нығайтқан орынды болар еді. 2012 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында өтетін АӨСШК–нің 20 жылдығына және АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 4- ші кеңесіне сіздердің көпшіліктеріңіз қатысады деген үміттемін.
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогқа белсенді түрде жәрдемдесуді жалғастырады және Қосылмау қозғалысының осы бағыттағы күш-жігерін қолдайды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстанда дін мен сенім-нанымның толық бостандығына қол жетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі 2012 жылғы мамыр айында Астана қаласында төртінші рет өтті.

Төраға мырза,

Біз өзара көмек пен қолдауды нығайту, ынтымақтастық салаларын кеңейту арқылы Қосылмау қозғалысының дамушы елдерімен ниеттестігімізді және ынтымақтастығымызды оның неғурлым жемісті болуы мақсатында нығайта отырып жалғастыратын боламыз.
Жылы қонақжайлық үшін тағы да ризашылық білдіре отырып, осы мүмкіндікті пайдалана келіп, аталған Саммитте Қосылмау қозғалысының стратегиялық мақсаттарына жету үшін қажеттілі түсіністікке және сындарлы рухты орнықтыруға шақырамын.
Рахмет.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Сіздің қарауыңызға төрт құжат ұсынылып отыр:
- Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірген трансферт туралы» Заңының жобасы;
- «ҚР Бюджеттік Кодексіне бюджетті жоспарлау мен орындау үрдісін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы;
- «ҚР салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заңының жобасы.
1. Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы Қазақстан Республикасын дамуының 2020 дейінгі Стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттарды және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамының басты бағыты» атты Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін әзірленген.
Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы мыналарды ескере отырып жасалды:
Бірінші. 2011 жылғы ІЖӨ 260,9 млрд теңгеге артуы жөніндегі есептік мәліметтерді және 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экономика саласын дамытудың қорытындылары мен мемлекеттік органдардың өнімнің негізгі түрлерін өндірудің күтілетін көлемі жөніндегі мәліметтерді Статистика агенттігінің түзетуі есебінен 2012 жылға баға беруді нақтылау.
Екінші. Әлемдік тауар нарғындағы ағымдағы жағдай және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономика мен негізгі экспортық тауарлардың әлемдік бағасының өсуі жөніндегі түзетілген болжамдары.
Болжамды жасау барысында әлемдік экономика дамуының трендтерін ескере отырып, әлемдік даму жағдайы мен 2013-20107 жылғы тауар нарығындағы бағалардың өзгеруінің үш сценарий қарастырылды.
Болжамды дайындаудың негізіне дамудың базалық сценариі алынды. Ол әлімдік экономиканың өсуінің орташа жылдық қарқынын 4% болжайды. Бәтуаластық болжамы негізінде мұнай құны барреліне 90 доллар көлемінде болса, металлдың бағасы қазіргі деңгейден 15% төмендейді деп күтілуде.
ІЖӨ нақты өсуі 2013 жылы - 6,0%, 2014 жылы - 6,1%, 2015 жылы - 7,6%, 2016 жылы - 6,6% және 2017 жылы - 6,9% құрайды. Бұл параметрлер орташа мерзім кезінде экономиканың өсуін орта есеппен 7 пайыз қамтамасыз етуге сәйкес келеді.
ІЖӨ өсуінің негізгі көзі жылына орташа 6,5%– 6,8% қарқынмен өсетін ішкі сұранысты кеңейту, сондай-ақ қазақсатндық өнімдерген сыртқы сұранысты сақтап қалу болып табылады.
ІЖӨ 2013 жылғы 36,6 трлн теңгеден 2017 жылы 65,3 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 2013 жылы 14 мыңнан астам АҚШ долларын құрап, 2017 жылға қарай 24 мың АҚШ долларына дейін өседі.
Өнеркәсіптегі жылдық орташа өсу қарқыны 5,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 7,1% құрайды. Қызмет көрсету саласы тұрақты дамиды.
Экспорт 2013 жылғы 96,1 млрд доллардан 2017 жылы 116,7 млрд долларға дейін, импорт 2013жылғы 56,3 млрд доллардан 2017 жылғы 92,3 млрд долларға дейін ұлғаяды.
2013-2017 жылдардағы жылдық инфляция деңгейі 6,0-8,0% мөлшерінде болады.
Жоспарланған параметрлерге жүргізіліп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат ықпал ететін болады. Орташа мерзімді кезеңде әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары ретінде мыналар анықталған:
1. Үйлесімді ақшалық-несиелік және салықтық-бюджеттік саясат есебінен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Экономиканы дамытудың мүмкін болатын нұсқалары барыснда тәуекелдерді төмендетуге бағытталған контрцикликалық макроэкономикалық саясат жүргізілетін болады.
2. Кең көлемді жаңғырту мен экономиканы әртараптандыру, тарифтік саясасатты жетілдіру, бәсекелестікті қорғау және елдегі бизнес-ахуалды жақсарту, белсенді инвестициялық саясат арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3. Нақты еңбек өнімділігіне, жаппай әлеуметтік масылдықты жоюға әсер ететін орташа топтардың өсуіне жағдай жасауға баса назар аудара отыроып, халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын көтеруге бағытталған әлеуметтік жаңғырту.
4. Мықты өңірлер – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының негізі.
5. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Алға қойған мақсаттар мен басымдықтарға жету үшін макроэкономикалық болжам негізінде 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттің параметрлері әзірленді.
Республикалық бюджеттке түскен түсімнің жалпы көлемі 2013 жылғы 5 415,1 млрд теңгеден 2015 жылы 6 388,2 млрд теңгеге дейінгі өсіммен болжануда.
Мемлекеттік қарызды қалыпты деңгейде ұстау үшін ІЖӨ дефицитін 2013 жылғы 2,1% 2015 жылы 1,5% дейін төмендету жоспарлануда.
Ұлттық қорда қор қаражатын кепілдендірілген трансферт көлемінде ғана қолданумен шектелу арқылы қаржы ресурстарын жинақтау саясаты жалғасуда. Бұл мұнайлық емес дефицитті 2015 жылы 3,9% дейін төмендетуге және Ұлттық қорда қаржы ресурсын жинақтауға ықпал етеді.
Болжалды түсімдер мен дефицитті жоспарлы төмендетуді есепке алғанда республикалық бюджеттің шығындары 2013 жылы 6,2 трлн теңге, 2014 жылы 6,5 трлн теңге және 2015 жылы 7,1 трлн теңге көлемінде анықталған.
Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған мақсаттарды есепке ала отырғанда, 2013-2015 жылдардағы бюджет шығындарының негізгі басымдықтары мыналар болады:
1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру.
2. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.
3. Адам капиталын сапасын арттыру.
4. Өңірлік дамыту.
5. Индустриалдық-инновациялық даму.
6. Бизнесті дамытуды қолдауды.
7. Қорғаныс қабылетін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды нығайту.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірген трансферт туралы» Заңының жобасыБюджеттік кодекстің 024 бабы 2 тармағына сәйкес әзірленген.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірген трансферт мынадай мөлшерде анықталған: 2013 жылы – 1 380 млрд теңге, 2014 және 2015 жылдары 1 188 млрд теңгеден.
Кепілдендірген трансферттің аталған мөлшері тиісті қаржылық жылдың соңындағы Ұлттық қордың Тұжырымдамасында анықталған ІЖӨ болжамдық мәнінің 20 % көлеміндегі азаймайтын қалдық ережесін сақтауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Қор қаржысының таза жинақталуы да қамтамасыз етіледі, сөйтіп 2015 жылға қарай Ұлттық қордың қаржысы 100 млрд АҚШ долларынан асатын болады.
3. «ҚР Бюджеттік Кодексіне бюджетті жоспарлау мен орындау үрдісін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы.
Заң жобасы бюджеттік үрдісті жетілдіру және мемлекеттік басымдықты шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Мемлекеттік бюджеттің жоспарланған шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатындағы жаңа бюджеттік ереже толығымен енгізіледі. Шығындардың жалпы көлемінен экономика дамуының қолайлы жағдайы сақталған кезде ғана қаржы бөлінетін шартты қаржыландырылатын шығындр бөлініп шығады.
Шартты қаржыландырылатын шығындар көлемі тиісті кезеңдегі республикалық бюджеттің жалпы шығындары көлемінің 3% аспайтын мөлшерінде белгіленеді.
Шартты қаржыландырылатын шығындар механизмі Үкіметке сыртқы конъюнктура нашарлап кеткен кезде шұғыл іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
Аталған шығындар бойынша жеке бөлінетін бюджеттік бағадарламаның әкімшісі Қаржы министрі болады.
Сондай-ақ, заң жобасы бойынша республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға қайтарымсыз негізде донорлық жарна төлеу нормасы да енгізіледі. Бұл Қазақстанның бастамаларын Азиялық Даму банкі арқылы жылжытуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, инвестициялық жобалардың қымбаттауына, бюджет қаржысын үнемдеуді қайта қарау және тағы басқаларға қатысты бюджеттің жоспарлануы мен орындалуын жетілдіруге бағыттылған түзетулер қарастырылған.
4. «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заңының жобасы.
Заң жобасы Елбасының жекелеген тапсырмаларын, ертеректе қабылданған заңнамалық актілерді жүзеге асыру, сондай-ақ салық салу мәселелері жөніндегі Консультациялық кеңестің шешімдерін орындау мақсатында әзірленген.
1. азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында заң жобасында салық салудан:
- мүгедек баланың қамқоршысының, қорғаншысының табыстары;
- Президент пен Үкімет тағайындайтын арнайы және атаулы мемлекеттік стипендиялар босатылады.
2. Отандық өндірушілерге қолдау көрсету және бәсекелестік жағдайын теңестіру мақсатында:
- түрлі-түсті және қара металдар сынығы мен қалдықтарын сатудың айналымын ҚҚС босату;
- этил спирті мен алкогол өнімдерін өндіру үшін өткізілетін шарап материалының акциздік ставкасын литріне 20 дан 0 теңгеге дейін төмендету;
- уран өндіруге дайындық жұмыстарының шығынын есептенп шегеру мүмкіндігі;
- АЭА аумақтарында салық салудың жеңілдетілген тәртібі;
- республикалық маңызды барлық санаттағы жалпы қолданымдағы көлік жолдары жолағында сыртқы жарнама орнату үшін төленетін ақы ставкасын 3 есе төмендетуге мүмкіндігі;
мүлікті қаржылық лизингке беру жөніндегі операцияларды ҚҚС-нан босатуды 2017 жылға дейін ұзарту қарастырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын салық төлеушілер үшін Салық кодексінің ҚҚС 70% дейін азайту жөніндегі 267 бабын қолдану міндеттілігі алынып тасталады.
Жер қойнауын пайдаланушының конрактілік аумағын кеңейтуі барысында қол қойылған бонусты төлеуі жөніндегі міндеттемесі белгіленеді.
Зиянды қалдықтарды шығаруды қысқартуды ынталандыру мақсатында керосинді (авициялық отын ретінде) пайдаланғаны үшін сұйтылған газға қойылған ставка деңгейіндегі қоршаған ортаға эмиссия төлеу ставкасы енгізіледі.
3. Жеке білім беру ұйымдарының әрекетіне салық төлеу жөнінде қосымша енгізіледі.
4. Салық төлеушілердің салық төлеу міндеттерін орындауды жеңілдету және бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту мақсатында салықтық әкімгершілікті жетілдіру жөніндегі нормалар кешені қарастырылған
Болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында, аталған заң жобаларын әлеуметтік-экономикалық дамудың 2013-2017 жылдарға арналған Болжамымен қосып бірыңғай блок ретінде Парламенттің қарауына жіберу ұсынылады.
Қолдауыңызды өтінемін!

КОНСТИТУЦИЯ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ РЕТІНДЕ

Құрметті конференция қатысушылары!

Егемендігімізді алғаннан бері Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың ажырамас құқықтары мен бостандықтарын сақтау кепіліне, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып демократиялық даму іргетасына айналды.
Саясат пен экономикадағы жетістіктер – бұл Конституцияда баяндалған идеялардың әлеуеті деп толық жауапкершілікпен айта аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сараланған және дұрыс саясатының арқасында Ата Заңымыз тәуелсіздік алғалы серпінді экономикалық өсім мен көпұлтты халқымыздың арасында қоғамдық келісімді сақтап қалу үшін тұрақты негізге айналды.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап жүріп өткен жолымызға баға бере, артта қалған, тарихи шамамен алғанда қысқа кезең конституциялық құндылықтарды, принциптер мен нормаларды үйреншікті өмірде іске асыру бойынша, азаматтарымыздың жеке, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын толық түрде іске асыруға объективті жағдайлар жасау бойынша керемет жұмыстар жүргізілді деп сенімділікпен айтуға болады.
Республикамыздың Негізгі Заңының 1-бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтарыдеп жария етті.Аталған конституциялық қағидат Негізгі Заңның дәл осы бабында белгіленген Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде бекітумен үйлесіп,мемлекет пен азаматтың өзара қатынастары саласындағы түбегейлі өзгерістерге алып келді.
Әрине бұған ұлттық даму стратегиясын жүйелі іске асыру барысында қазақстандық қоғамның барлық салаларында Конституция әлеуетін жан-жақты ашу үшін Мемлекет басшысының таңдап алған бағыты ықпал етті.
Осыған байланысты1995 жыл Конституцияның қабылдануымен ғана емес, Мемлекет Басшысының мемлекетті дамытудың ұзақ мерзімдік басымдықтары жүйесін анықтайтын «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тарихи шешімімен де ерекшеленді.Бұл жеті ұзақ мерзімдік басымдық барлық Қазақстан азаматтарының ұлттық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы күш-жігерлерін шоғырландыру негізіне айналды.
Бұл жағынан 1998 жыл мен 2007 жылдардағы екі ірі конституциялық реформа бүкіл Қазақстан халқының саяси түсінігін өзгертуге мемлекеттің объективті түрде жауап қайтаруы нәтижесі ретінде көрініс табады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң маңызды конституциялық блокты – азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын ауқымды жүйелі түрде жаңғыртуға негіз салды деп айрықша атап өтуге болады.
Биліктің заң шығару және атқарушылық буындары арасында партиялық байланыс күшейтілді. Алқа билер сотының институты енгізілді, ол бүгінде сот әділдігін жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның қатысу нысаны ретінде бекітілді.Медиация түріндегі қоғамдық институт жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешу жүйесіне белсенді түрде енуде.
Конституция бұрындары қолданылған қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға тиым салудың күшін жойды.Конституциялық ережені дамыту үшін «Саяси партиялар туралы» Заң саяси партия қаражаттары, соның ішінде бюджет қаражаттарынан да қалыптасады деп белгіледі.
Қазақстан халықтары Ассамблеясына Конституциялық мәртебе берілді, одан тоғыз депутат Парламент Мәжілісіне сайланады.
Аталған ережелерді іске асыру мақсатында 2008 жылғы 20 қазанда «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Бүгінгі күнде бұл тәріздес тәжірибе Қазақстандағы қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен этносаралық қатынастар саласындағы қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара әрекет етуінің тиімділігін арттыруда бірегей құрал болып табылады.
Конституциялық деңгейде Әділеттің біліктілік алқасының таратылуына байланысты Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесі күшейтілді. 2008 жылғы 17 қарашада «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» жаңа Заң қабылданды, ол соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялыќ өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Конституцияның 89-бабын дамыту үшін «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Сонымен, заңнамалық деңгейде жергілікті өзін өзі басқару институты ендірілді, оның деңгейі мен нысандары, сондай-ақ азаматтардың жергілікті өзін өзі басқаруға қатысу мүмкіндігі анықталды.
Конституциялық ережелерді іске асыру аясында мемлекет қабылдаған осы және басқа да шаралар Қазақстанда жүргізілетін саяси-құқықтық реформалардың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бұны Қазақстандықтардың әл-ауқатының нақты өсімі де растап отыр – Қазақстанның егемендік алған сәтінен бастап ЖІӨ 16 есе өсті, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 35 есе артты, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы сәтті іске асырылды, денсаулық сақтау мен отбасыны қолдау, ана мен бала жүйесі түбегейлі өзгерді. Халықтық ІРО жобасы іске асырыла бастады.
Қолданыстағы заңнамада конституциялық ережелерді іске асыру кепілдіктері мен тетіктері қарастырылған. Осы жылдары елімізде медициналық қызмет көрсету және білім беру жүйесін жақсарту, ауқымды тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ еңбек ақы көлемін көбейту сияқты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін құқықтық жағдайлар жасалған.
Қазақстан қылмыстық саясатты ізгілендіруде таңдаған бағытын ұстана отырып, адам өлімімен жанасқан террорлық қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс жағдайларында жасалған аса ауыр қылмыс үшін ғана белгіленген өлім жазасын қолдану мүмкіндігін алып тастады.
Аталған конституциялық өзгерістер мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саясатын ізгілендіру жолында маңызды оқиға болды.
Конституцияның 16-бабына енгізілген сот қамауға алуға санкция береді деген өзгеріс қылмыстық процестегі заңдылық кепілдігін күшейтуде және осы саладағы стандарттарды орындауда сөзсіз жетістік болып табылады.
2010 жылы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заң қабылданды, ол ТМД елдері ішінде алғаш рет атқарушылық іс жүргізу жүйесінде жеке сот орындаушылары институтын енгізді.
Қазақстандағы жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту сот шешімдерінің орындалу сапасы мен уақытылылығын толық көлемде арттыруға мүмкіндік беретін болады.
Конституцияның әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бары туралы 13-бабының әлеуетін одан әрі ашу үшін Әділет министрлігі «Мемлекет кепілдік берген заң көмегi туралы» Заңның жобасын жасады.
Бұл заң жобасы өзінің сипаты бойынша заң көмегін көрсету кезіндегі қоғамдық қатынастар саласын реттеудің жалпы қағидаттарын, міндеттерін, тәртібі мен өзге тетіктерін бекітетін негіздемелі болып табылады.
Бұл заң көмегінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға байланысты олқылықтарды жоюға, сонымен қатар мұндай көмекті көрсетуші субъектілердің жұмыс тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді. Сонымен бірге ол адвокаттардың қылмыстық істер бойынша қылмыстық ізге түсу органдарынан тәуелсіздігін толық қамтамасыз етеді.
Қазақстан бүгінде адам құқықтарын сақтаудың тетігін жүзеге асыруды қамтитын бірқатар міндеттемелер қабылдап, Демократияға құқық арқылы Еуропалық комиссияның толыққанды мүшесі ретінде 2013-2015 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелікке өтініш жасады.
Халықаралық ұйымдарға қатысу бізге алған халықаралық тәжірибемізді мен ұлттық ділімізді ескере отырып, біздің елдің Конституциясының әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.
Соңғы кездегі кейбір мемлекеттік қызметтерді бәсекелі ортаға беру, қабылданатын заңдардың сапасын, сонымен қатар халықтың құқықтық сауатын арттыру Үкіметтің адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтан жүзезе асыру тетіктерін одан әрі жетілдірудің белгілі бір резерві болып табылады.
Осы бағыттар бойынша Әділет министрлігі бірқатар жұмыстар атқаруда. Бүгінгі күні электрондық үкімет порталы бойынша құқықтық сипаттағы 22 қызмет электрондық форматта көрсетіледі.
Олардан басқа тегін «Әділет» деректер қоры және «Call-центр» құқықтық ақпарат қызметі жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Республика азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттырудың кешенді жоспары бекітілген.Оның мақсаты - құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықытық түсіндіру жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру.Осылайша, Конституция елдің құқықтық жүйесін дамытудың кең ауқымын ашады деп тұжырымдауға болады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында қолданыстағы Конституция шеңберінде елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын, оған қоса ұлттық құқықтың дамуын қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет деп көрсетілген.
Осыған орай, Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуының жаңа есептілігінің басы Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалы мақаласы болып табылады деп есептеймін.
Онда Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың назарын экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы балансын табуға аударды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты міндеті осы болып табылады.
Осы қиын міндеттердің қағидаттары мен жету жолдарын, бірінші кезекте, қалған заңдардың мағынасы мен мазмұнын айқындаушы Конституциядан іздеу керек деп пайымдаймын.
Бұдан Негізгі Заңның басымдығы мен тікелей әрекеті ғана емес, сонымен бірге оның мызғымастығы, тұрақтылық мен өзгермелілікті ұштаудың теңгерімділігі көрінеді.

Тәуекел түбі – желқайық

Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВПЕН «Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы әңгіме
Бақытжан Әбдірұлы, «Халықтық IPO» бағдарламасы іске қосылды, бірақ еліміздің көп азаматы IPO-дан хабарсыз, қазақстандықтар бұдан не ұтпақ?
– 2011 жылғы қыркүйекте Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ-тың еншілес және бағынышты ұйымдарының акциялары пакеттерінің бағалы қағаздарын рынокқа шығару бағдарламасын немесе «Халықтық IPO» бағдарламасын қабылдады.
«Халықтық IPO» (Initial Public Offering – компания акцияларын ұсынудың алғашқы жарияланымы) – қалың қауым арасында экономиканың түрлі секторындағы бағалы қағаздарды орналастырудың әлемдегі кең тараған түрі. Әдетте, халықтық IPO кезінде саудаға мемлекеттің толық немесе бақылаудағы акциялар пакетіне иелігі бар кәсіпорындары шығарылады.
«Халықтық IPO»-ның мақсаты – Қазақстанның тұрғындарына елдегі жетекші компаниялардың акцияларын алуға құқық беру, былайша айтқанда, акциялар бірінші кезекте жеке тұлғаларға – Қазақстанның азаматтарына сатылатын болады. Бұл халық үшін отандық жетекші компаниялардың акцияларын алуға және олардың қосымша иегері болуына жақсы мүмкіндік.
Компаниялардың акцияларын ала отырып, қазақстандықтар ұзақ мерзімді перспективада табыстан дивидендтер түрінде кіріс көреді, сондай-ақ акциялардың өсімінен пайда табуы ықтимал.
Пайдасы туралы айтатын болсақ, «Халықтық IPO» жүргізудің бірнеше себептері бар. Біріншіден, табысты компаниялардың акцияларын иелену арқылы азаматтар олардың дамуы мен өсімінен табыс табады. Қазақстан азаматтары негізгі салаларда жұмыс істеп келе жатқан ұлттық компаниялардың акцияларын сатып ала отырып елдегі табиғи байлықтар мен инфрақұрылымды пайдалануға өздерінің қатыстылығын сезінеді.
Екіншіден, «Халықтық IPO» қор рыногының дамуына ықпал жасайды. Жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін ұсына отырып, мемлекет инвесторлар ауқымын біршама кеңейтеді. Акцияға деген сұраныстың өсімі олардың өтімділігін ұлғайтады, бұл өз кезегінде қор рыногына (бағалы қағаздар рыногына) оң әсерін тигізеді.
Үшіншіден, «Халықтық IPO» барысында тартылған қаражатты мемлекеттік компаниялар одан әрі дамуға, активтер сатып алуға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге инвестициялай алады.
Бағдарлама сондай-ақ, қазақстандық бағалы қағаздар рыногын және ел экономикасын дамытуға, халық үшін жинақтау құралдарын әртараптандыруға ықпал жасайды. Бағдарлама табысты іске асырылған жағдайда елдің азаматтары бағалы қағаздар рыногындағы саудаға кедергісіз қатысуға мүмкіндік алады, сонымен қатар инвестициялау дағдысы қалыптасып, қаржылық сауаттылығы арта түспек.
Шетелдердегі IPO жүргізудің мысалдарын келтіріп өтсеңіз.
– Халықтық IPO әлемнің көптеген елдерінде, Ұлыбритания, Польша, Ресей, Бразилия, Үндістан және т.б. әртүрлі экономикалық жағдайларда өткізілді. Мәселен, Ұлыбританияда осындай бағдарлама премьер-министр Маргарет Тэтчердің жетекшілігімен 80-90-жылдардың межесінде өткізілді. Сол кезде халыққа ірі ұлттық компаниялардың акциялары ұсынылды. Мысалы, электр қуаты, су және көмір индустриясындағы «Бритиш Газ», «Бритиш Стил», «Ролс Ройс» компаниялары ІРО-ға шықты.
Дамушы нарықтық экономикасы бар елдерде мемлекеттің қатысы бар акциялар пакетінің бөлігін орналастыру қор рыногының дамуында негізгі фактор болып табылады. Мәселен, Малайзияда 1970-1980-жылдары мемлекеттің қатысы бар компанияларды жаппай жекешелендіру науқаны өтті. Нәтижесінде, елдің қор рыногына 8 млн. артық адам тартылды. Хорватияда қор рыногына хорваттық телекоммуникация және мұнай-газ компанияларының акциялары табысты шығарылды.
Бірақ, Ресейдегі «Халықтық IPO» тәрізді сәтсіз мысалдар да бар ғой…
– Ресейлік «Халықтық IPO» тәжірибесі 2006 жылдың жазында «Роснефть» мемлекеттік компаниясынан басталды. Ресей елінің басшылығы ІРО-ға қатысуға шақырғанда инвесторлар кім болды? Ресейлік тәжірибе, акцияларға инвестиция құюмен байланысты тәуекелдерді де, осындай тәуекелдерді басқару принциптерін де түсінбеген адамдар инвестор болғанын көрсетіп отыр.
Әлеуетті акция ұстаушының ешқайсысы да орналастырудан кейінгі акцияға деген бағаның құлдырап кетуінен сақтандырылмайды. Жекелеп алғанда, Ресейде «Халықтық ІРО» орналастырылғаннан кейін акцияларға деген баға 3-7 есеге дейін төмендеп кеткен. Мәселен, Внешнеторгобанк (Ресей банктеріндегі негізгі көрсеткіштері бойынша екінші банк) акцияларының бағасы орналастыру құны 13,6 тиыннан 1,9 тиынға дейін, ал «Роснефть» қағаздары орналастыру бағасынан 11 пайызға дейін құнсызданған. Нәтижесінде, кеңінен насихатталған «Халықтық ІРО» ресейліктердің санасында жағымсыз әсер қалдырды: осы шара аясында акция сатып алған мыңдаған адам табыс табуды былай қойғанда, шығындарға ұшырап қалды.
Көптеген сарапшылар ІРО кезінде акция сатып алмауға кеңес береді. Себебі, компаниялар ІРО-ны бағаның жоғарғы шегінде сатуды көздейді. Сондықтан, сарапшылар айтқандай, дүрбелең басылып, бағалар тұрақталғанда, инвестициялар сәл де болса болжамға келіп, тәуекелі аз болады.
«Халықтық» ІРО-ның ресейлік тәжірибесі көрсеткендей, оны табысты өткізу үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. «Халықтық ІРО»-ға әзірлік кезінде елдің барлық өңірлерін кеңінен қамтитын 3-6 айдан кем емес уақыт белсенді жұмыстар жүргізілуі керек. Ақпарат халыққа түсінікті тілде жетуі тиіс. Акцияны сатып алудың тәуекелдері туралы ашық айту қажет және ақпарат жалпы «жарнамалық» дабырамен көрінбей қалмауы тиіс. Сондай-ақ, халыққа акцияны сатып алу депозитпен (оның үстіне кепілдендірілген) бірдей емес екені және алдағы күнде құнды қағаздардың бағасы өсуіне ешкім кепіл болмайтыны туралы да жан-жақты түсіндірілгені дұрыс. Былайша айтқанда, «Халықтық ІРО»-ның азаматтарға қаржы рыногында ұсынылатын бір мүмкіндік екенін түсінген жөн.
Сонда сіз акцияларды сатып алу әрдайым табысты бола бермейді дегіңіз келе ме? Осыған байланысты тағы бір сауал. Биржаға қандай компаниялардың акциялары шығарылатын болады? Олар қаншалықты тұрақты болмақ?
– Жалпы, акцияны иемдену жылдам табыс табуға немесе жалпы табысты болуға кепілдік бермейді. Кез келген қаржы рыногы, соның ішінде қор рыногы да құбылмалылыққа бейім болып келеді. Демек, осы және басқа да компанияның акциясын иемдене отырып инвестор тәуекелге барады. Себебі акцияның құны жоғарылап қана қоймай, сонымен бірге төмендеп кетуі де ықтимал. Қазақша айтсақ, «Тәуекел түбі – желқайық…»
Акция құнының төмендеуі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі, компанияны тиімсіз басқару, елдегі саяси ахуалдың тұрақсыздығы, дүлей апаттар, техногенді апаттар және т.б.
Осы тәуекелдерді ескере отырып, «Халықтық IPO» шеңберінде біздің мемлекетіміз жақсы қаржы нәтижелері бар тұрақты компаниялардың акцияларын қазақстандықтарға ұсынуды жоспарлауда. Биржада акциялары орналастырылатын компаниялардың алғашқы үштігіне «ҚазТрансОйл» АҚ, «КЕГОК» АҚ және «Эйр Астана» АҚ кірді. «Екінші эшелон» қатарына «ҚазТрансГаз» АҚ, «Қазмортрансфлот» Астана АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ қосылды. IPO-ға соңғы болып «Қазақстан темір жолы» АҚ және «Қазтеміртранс» АҚ акцияларын шығармақшы. Бірінші топтың акциялары 2012 жылдың ІІ-ІІІ тоқсанында, екінші топ – 2013 жылы, үшінші топ 2014-2015 жылдары орналастырылмақ.
Жаппай сатылым 400-500 миллион АҚШ долларын жинауы тиіс. Бірақ бұл қаржының басым бөлігі азаматтардан тікелей емес, зейнетақы мен пай қорлары және сақтандыру компанияларындағы қаражаттары арқылы тартылмақшы. Сонымен бірге елдегі бейбітшілік пен келісім, қазақстандық экономиканың тұрақты дамуы ұлттық компаниялардың құнының әрі қарай артуына әкелуге септігін тигізбек, демек бұл инвестор-халыққа жоғары табыс әкеледі.
Әлі де болса, «Халықтық IPO»-ның мәнін жете түсініп жүргендер өте аз. Көпшілікке осының мағынасын жеткізу үшін қандай іс-шаралар жүзеге асырылуда?
– «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету және бағдарламаның мәнін ашу мақсатында 2012 жылғы сәуір айынан бастап барлық өңірлерде ақпараттық-түсінік жұмыстары басталып кетті. Аталған науқанның мақсаты Қазақстанның барлық азаматтарына бағдарламаның мәнін ашатын, яғни оған қатысу тетігі, азаматтарға берер артықшылықтары, акционердің миноритарлы құқығы мен мәртебесі жайлы толық және қолжетімді ақпарат беру болып табылады. Қазіргі күнде 15 мыңнан аса қолданушысы бар бағдарламаның жеке ресми веб-сайты www.halyk-ipo.kz жұмыс істейді. Бұл сайтта шетелдік және отандық сарапшылардың пікірлерімен, бағдарлама туралы өзекті жаңалықтармен, IPO-ға арналған сұхбаттармен, талдамалық зерттеулер және қатысушы-компаниялардың қызметімен танысуға болады.
Халық үшін күнделікті негізде, демалыссыз, тәулік бойы тегін «шұғыл желі» 8-800-080-50-70 байланыс телефоны қызмет атқаруда. Акционер болғысы келетін кез келген адамның бағдарлама бойынша өзін қызықтырған сұрақтарға қазақ және орыс тілдерінде ақпарат алуына мүмкіндік бар.
Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстандық қор биржасының, қорға қарасты және еншілес компанияларының кез келген интернет ресурсы арқылы бағдарлама туралы ақпаратпен және соған сай сілтемелерімен танысуға болады. «Халықтық IPO» бағдарламасын түсіндіру бойынша әр өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоғамдық дәрістер мен кеңестер жүргізілуде.
Акцияларды сатып алу үшін Қазақстанның қор биржасында операциялар жүргізуге құқығы бар брокерлер қызмет көрсететін болады және еліміздің әр азаматымен арнайы келісім-шарт бекітіледі.
Әрбір өңірде «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің негізінде халықпен жұмыс жасайтын, ақпараттық, анықтамалық материалдар тарататын және қосымша бағалы қағаздарды сатып алу бойынша қызмет көрсететін ақпараттық қосындар ұйымдастырылатын болады.
Белсенді интернет қолданушылар үшін танымал Twitter және Facebook әлеуметтік желілері арқылы бағдарламаның ресми аккаунты ұсынылады. Мобильді құрылғыларға арналған веб-сайт әзірленді және қолданушыларға акцияны сатып алу шығыны мен ықтимал табысын есептейтін инвестор есептегіші іске қосылды.
Қорыта келгенде, тұрғылықты мекен-жайына тәуелсіз әрбір қазақстандық бағдарламамен және оның мүмкіншіліктерімен таныса алады. Сонымен қатар, бағдарламаға инвестор ретінде қатысу мүкіндігіне ие.

“Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ.19 маусым 2012жыл.

Сыртқы Істер Министрі Ержан Қазыханов: Сыртқы саясат кеңесі ең алдымен, Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін болады.

Таяу күндері Қазақ елінің тәуелсіз дипломатиясы құрылуының 20 жылдығы атап өтіледі. Өткен екі он жылдықта Отанымыздың сыртқы саясат ведомствосы өзіне жүктелген жауапкершілігі биік міндет үдесінен шығатындай деңгейде жұмыс істеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің сыртқы саясатына байланысты басымдықтары мен идеяларын ілгерілетуде біліктілік пен кәсібиліктің айтарлықтай жоғары деңгейін көрсете білді.
Елбасы өткен сәуір айында еліміз сыртқы саясат ведомствосының алдында тұрған басым бағыттарды айқындап, осы орайда Сыртқы саясат жөніндегі кеңес құру туралы тапсырма берген болатын. Жақында біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен Президенттің аталған кеңесті құру туралы тапсырмасының қалай орындалғаны, жаңа құрылымның мақсат, міндеттері туралы әңгімелескен едік.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанынан Сыртқы саясат жөніндегі кеңес құру идеясы қалай пайда болды?

– Өздеріңіз білетіндей, үстіміздегі жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы Қазақстанның сыртқы саяси бағытының әрі қарайғы дамуын айқындап, министрлікке Сыртқы саясат жөніндегі кеңес құруды қоса алғанда, алдағы кезеңге арналған нақты тапсырмалар берді.
Бүгінде әлемде жаһандық экономиканың дағдарысты құбылыстарымен және әлемнің көптеген елдеріндегі сілкіністермен байланысты жүріп жатқан күрделі трансформациялық үдерістер Қазақстан дипломатиясынан тұжырымдамалық қадамдар мен тәжірибелер ісінде дер кезінде және адекватты шаралар қабылдауды талап етеді.
Осындай жағдайда Қазақстанның халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты саласында сарапшылар қоғамдастықтары өкілдерінің интеллектуалдық әлеуетін тарта отырып, талдамалы және болжамды жұмыстар жүргізудің құндылығы арта түседі. Осыған орай, Кеңес Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік кеңестік орган рөлін атқарса, оның қызметі Қазақстанның сыртқы саяси бағыты мен халықаралық бастамаларын жүзеге асыру бойынша сарапшылардың ұсыныстары мен ұсынымдамаларын жасауға бағытталады.
Басқаша айтқанда, бұл жерде әңгіме СІМ жанынан бізді толғандыратын проблемалар бойынша зерттеулер жүргізуге, Қазақстанның сыртқы саясат саласында жаңа идеялар білдіруге, ұсыныстар мен ұсынымдамалар айтуға қабілетті сарапшылар форумын құру туралы болып отыр.
Қазақстанда сыртқы саясат саласында өзінің сарапшылар қоғамдастығы бар ма? Сіз Кеңес құрамына оның мүшелері ретінде кімдерді тарттыңыз?
– Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиясына енді ғана 20 жыл толып отыр. Бірақ, осыған қарамастан, елімізде сыртқы саясат саласында түрлі университеттер, ғылыми және зерттеулер институттарынан, тәуелсіз сарапшылардан сарапшылардың белгілі бір ортасы қалыптасып үлгерді. Сонымен бір мезгілде, Сыртқы істер министрлігі жанындағы Кеңес Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған ғылыми және талдау орталықтарына балама емес, әріптес ретінде қызмет ететін болады.
Сыртқы саясат жөніндегі кеңес алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бірінші кезекте оның мүшелерінің интеллектуалдық әлеуетіне байланысты. Бұл жұмыстың ерекшелігі сол, сыртқы саясат жөніндегі жетекші сарапшылар бүгінде тек ғылыми ұжымдарда ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік органдарда да еңбектеніп жүр.
Осыған байланысты біз Кеңес құрамына Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Парламенттің, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының, Дипломатия институтының, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының, ірі ұлттық университеттердің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін енгіздік.
Кеңес өзінің жұмысын енді ғана бастап жатыр. Қажет болған жағдайда болашақта оның құрамы Қазақстанның іскер топтарының корпоративтік мүшелерін қоса алғанда, жаңа қатысушылар есебінен кеңеюуі әбден мүмкін. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады.
Сыртқы істер министрлігі Кеңес алдына сыртқы саясат бойынша қандай міндеттер қойып отыр?
– Кеңестің негізгі міндеттері әлемдік саясат пен экономика үрдістеріне, олардың біздің елімізге ықпалына талдау жасау және болжау; Қазақстанның сыртқы саясатындағы көкейкесті мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындау; сыртқы саяси бастамалар мен жобалар, превентивті дипломатия бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдамалар енгізу; Қазақстанның шет елдерде оң халықаралық имиджін қалыптастыруға ықпал ету, т.б. болып табылады.
Біз сондай-ақ, Кеңес құру барысында мына мәселелерді мақсат етіп қойдық: Қазақстан СІМ-і алдында тұрған нақты сыртқы саяси міндеттерді халықаралық зерттеулермен байланыстыру; практикалық дипломатия басымдықтарын халықаралық ғалымдар мен сарапшылар алдында нақты белгілеп беру; ғылыми сараптамалар мен зерттеулер нәтижелерін сыртқы саяси шешімдер шығаруда пайдалану.
Осылайша Кеңес құра отырып біз сарапшылар қоғамдастығының практикалық дипломатиямен ынтымақтастығына жол салдық. Сөйтіп, қазақстандық зерттеушілердің сыртқы саясат саласында өздерінің ғылыми идеяларын тәжірибе жүзінде қолданып көрулері үшін мүмкіндік пайда болды. Оның үстіне дипломаттардың жетекші қазақстандық сарапшылардың интеллектуалдық өнімдеріне қолжетімділігі арта түсуде. Біз ортақ күш-жігер жұмсау арқылы қазақстандық сыртқы саясаттың сараптамалық «ақыл-ой орталығын» құрудамыз десек, еш артық айтқандық емес.
Кеңес өз жұмысын қай бағыттарда шоғырландыруды жоспарлап отыр? Яғни, назар бірінші кезекте қандай бағыттарға аударылмақ?
– Кеңес Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің туы астында, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамасын ілгерілетудің көкейкестілігіне орай және еліміздің сыртқы саяси мүдделеріне негізделіп құрылып отырғандықтан, зерттеу жобалары тақырыптарын нақты айқындау министрліктің құзыретінде болады. Бұған қоса, Қазақстан қоғамын толғандырып отырған аса көкейкесті халықаралық тақырыптарды кеңінен қарастыру да назардан тыс қалмайды.
Қазақстан СІМ-і үшін аса қызығушылық танытылатын сыртқы саяси тақырыптар туралы айтқанда, бірінші кезекте Қазақстанның өзгермейтін стратегиялық басымдықтары – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуроодақпен және Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты атап өткен болар едім.
Кеңес қызметінің басты назарында, сондай-ақ Қазақстан қауіпсіздігіне қатысты барлық ықтимал тәуекелдерді зерттеулер тұратыны да түсінікті болса керек. Бұлар – әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, Ауғанстан мен Ирандағы ахуал, Орталық Азия өңірі үшін тәуекелдер, терроризм, есірткі трафигі, заңсыз миграция және еліміз бен өңір үшін басқа да ықтимал қауіптер мен сын-қатерлер.
Әлемдік даму орталығының Азияға қарай ойысуы фактісін ескере келе, Мемлекет басшысы еліміздің Азия мемлекеттеріне қатысты көкейкесті бағыттар бойынша жаңа сауда-экономикалық және инвестициялық стратегиясын жасау жөніндегі міндеттерге аса үлкен басымдық беруді тапсырды. Осы орайда, Кеңестің алғашқы мәжілісінің тақырыбы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының Азия векторын дамыту жолдарын талқылау болуы кездейсоқтық емес.
Қазіргі кезде әлемде біздің Сыртқы саясат жөніндегі ке­ңес­ке балама құрылымдар бар ма?
– Қазіргі кезде түрлі елдерде сыртқы саясат жөніндегі бірнеше оңдаған кеңестер табысты жұмыс істеп жатыр. Әдетте, өзінің ұйымдастырушылық-заңнамалық пішіні бойынша, олар коммерциялық емес әріптестік тұрғысынан көрініс береді.
Сыртқы саясат жөніндегі кеңестер мемлекет, сарапшылар қоғамдастығы, бизнес пен азаматтық қоғам арасын байланыстырушы буын ретінде қарастырылады. Мәселен, АҚШ-тың Нью-Йоркте орналасқан Сыртқы саясат жөніндегі кеңесі халықаралық проблематика саласындағы жетекші «ақыл-ой трестерінің» бірі болып табылады. Оған корпоративті мүшелер құқы негізінде шамамен 4300 заңды тұлға және 200 қаралы трансұлттық компаниялар кіреді.
1955 жылы құрылған Германияның Сыртқы саясат жөніндегі кеңесі сыртқы саясат топтарынан өкілдік ететін 2300 мүшенің басын біріктіреді.
Францияда Сыртқы саясат жөніндегі кеңестің функциялары Француз халықаралық қатынастар институтына, Ұлыбританияда Корольдік халықаралық қатынастар институтына бекітіп берілген. Швецияда Әлем проблемаларын зерттеулердің Стокгольм халықаралық институты, Бельгияда Еуропалық зерттеулердің Брюссель орталығы жақсы танымал.
2007 жылы Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропа кеңесі өз жұмысын бастады.
Ол ЕО-ға мүше елдердің мемлекеттік құрылымдары, сондай-ақ, бірқатар қорлар арқылы қаржыландырылады. Осы Кеңестің басымдықтары санатына зерттеу жұмыстарымен қатар, «Еуропа құндылықтарына» негізделген сыртқы саяси бағыттарды ілгерілету кіреді.
2010 жылдан бері Ресейдің Халықаралық істер жөніндегі кеңесі жұмыс істейді. Оның құрамына ғалымдар, дипломаттар, әскерилер, азаматтық қоғам өкілдері енгізілген. Кеңес қызметінің негізгі бағыттарына зерттеу жұмыстары мен халықаралық сараптау, оқу-ағарту, коммуникациялық және көпшілік жұмыстары, халықаралық қызмет жатады.
Азиядағы ең ежелгі осындай құрылым 1943 жылы іргесі қаланған Үндістанның халықаралық істер жөніндегі кеңесі болып табылады. Сыртқы саясат жөніндегі кеңес 1989 жылы Израильде құрылды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясат жөніндегі кеңес құра отырып, біз, әрине, шет елдер тәжірибесін оқып зерттедік. Бірақ Қазақстан сыртқы саясатының ұстанымдарына басым бағдар бердік. Әлемдегі күрделі өзгерістер, жаңа қауіптер мен сын қатерлердің пайда болуы, кейбір өңірлік және жаһандық үдерістердің теріс дамуы алаңдаушылық туғызбай тұра алмайды.
Мұндай Кеңес құру өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарын мұқият кесіп пішіп, көкейкестілендіруге және түзетуге мүмкіндік беретін сараптамалық ұсынымдамалар мен қорытындылар жасаумен негізделеді.

«Егемен Қазақстан». 16 маусым 2012 жыл.

Ұлт саулығы – ұлы мұрат
Сала-сала бойынша кезектесіп келіп жататын атаулы даталардың ішінде баршаға жақын ерекше бір күн бар, ол – денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланатын мезет. Осы айтулы күннің қарсаңында біздің тілшіміз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат ҚАЙЫРБЕКОВАҒА жолығып, саланың бүгінгі жай-күйіне даму перспективаларына қатысты бірнеше сауалға жауап беруін сұраған еді.

Салидат Зекенқызы, елі­міздің медицина саласын реформалау қолға алынғалы біршама уақыт болды. Халық денсау­лы­ғын сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілді. Осы орайдағы алғашқы нәтижелер қалай? Нақ­ты мысалдар келтіре отырып, тарқата айтып берсеңіз.
– Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың еліміздің басты байлығы халық денсаулығына, жал­пы саланы дамытуға аса зор көңіл бөліп отырғаны баршаға белгілі. Бүгінгі таңда біздің бүкіл жұмысымыз денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жыл­дарға арналған «Саламатты Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Алда тұрған мақсат-міндеттерді айқын­дап берген бұл бағдарлама денсау­лық сақтау саласын жаңа сапалық деңгейге көтеретініне қазірдің өзінде көз жеткізіп отырғанымыз­ды айтуға тиіспіз.
Тағы бір мақтанарлық жай Қа­зақстан – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен азаматтарды тегін қамтамасыз етіп отырған әлемдегі санаулы мемле­кет­тердің бірі. Дамыған елдердің өзін тұйыққа тіреген қаржы дағ­дарысы біздің осы орайда белгіле­ген шараларымызды мүлтіксіз орын­дауға бөгет болып отырған жоқ, мемлекеттік бюджет есебінен көрсетілетін тегін қызметтер көле­мі жыл сайын ұлғая түсуде.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижеле­ріне келсек, 2010 жылдан енгізіле бастаған денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі тұрғындар үшін жоспарлы стационарлық кө­мектің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Осылай тек өткен жылдың ішінде ғана стационарды еркін таңдау құқығын 700 мыңдай адам пайдаланды, олардың 44 пайызы ауыл тұрғындары. Науқастардың 6 пайызы республикалық деңгейдегі емдеу мекемелерін таңдап, тиісті көмек алды.
Еліміздегі ауруханалар стацио­нар­лық көмек көрсеткені үшін ақыны бұрынғыдай төсек-орын санына қарай емес, көрсетілген ме­ди­циналық қызметтер көлеміне сәйкес алатын болды. Ал мұның өзі бос тұрған төсектер санын ай­тарлықтай қысқартуға, сөйтіп, нау­қастардың сұраныстарын неғұр­лым толық қанағаттандыруға, ресурс үнемдей­тін технологияларды (күндізгі стационарлар) белсенді түрде дамы­туға мүмкіндік беріп отыр. Қолда­нылған осындай шара­лардың нәти­жесінде дәрігерлердің өздерінің біліктіліктерін көтеруге ынтасы артты. Бұл жайға еңбек­ақының түпкі нәтижеге байланысты болуы да игі әсерін тигізгені анық.
Бүгінгі таңда емдеу мекемесі басшысының менеджмент деңгейі жоғары болуы тиіс. Ендігі жерде бұрынғыдай жұмыс істеуге болмайды. Қолданысқа озық технологияларды көбірек енгізіп, қызмет­керлерді тиісті еңбекақы ұсыну арқылы ынталандырып отыруымыз керек. Өйткені, қазір стационарлар арасындағы бәсекелестік барынша артып отыр. Бір ғана мысал кел­тірейін. Қазір созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бойынша медициналық көмек көрсе­туге мемлекеттік тапсырыс науқас­тың таңдауына қарай аурухананың меншіктің қай түріне жататынына қарамастан беріле береді. Бұл қа­дам бәсекелестікті жаңа деңгейге кө­теретін сияқты. Қазір емдеу орын­­дары науқастарды өздеріне тарту үшін таңғы ас беру, көлікпен алып келу сияқты қосымша қыз­меттерін ұсына бастады. Бұл, сөз жоқ, ең алдымен науқасқа пайдалы.
Бүгінгі таңда бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңбе­рін­де барлық емханалар мен дә­рігерлік амбулаторияларда учас­келік медициналық қызметкерлерге ынталандыру мақсатында еңбек нәтижелеріне қарай негізгі жала­қысына қосымша ақы төленуде. Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, екінші және үшінші мейір­герлер қызметтері кеңінен енгізі­луде. Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлі де болса нашар қорғалып отыр­ған топтарына қолдау көрсетуді көздейді. Оларға телефон арқылы кеңестер беріледі, сол сияқты, белгілі бір қиындықтарға тап болып тұйыққа тірелген жандарға, отбасыларға үйлеріне барып, қыз­мет көрсетіледі.
Елбасы Н.Назарбаев би­ылғы Жолдауында онкология саласына айрықша назар аударып, Үкіметке жаңа салалық бағ­дарлама қабылдау, онкология­лық орталықтар ашу жөнінде тапсырма бергенін білеміз. Бұл орайда қандай іс-шаралар қолға алынбақшы?
– Үстіміздегі жылы біз модер­низацияланған онкология қызметін құруға кіріскелі отырмыз. Оның негізгі мақсаты елімізге ең озық технологияларды енгізу болып табылады. Сөйтіп, қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітімді азайтуды және осындай дертке шалдық­қандардың өмір сүру мерзімін бес жылдан әрі ұзартуды жоспарлап отырмыз.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкі­метінің қаулысымен бекітілген елі­мізде онкологиялық қызметті да­мы­тудың 2012-2016 жылдарға ар­налған салалық бағдарламасы бір­тұтас шаралар кешенін жүзеге асыруды көздейді. Аталмыш бағдар­ламада аурудың алдын алу шараларына, оның ішінде скринингтік бағдарламаларды кеңейтуге айрық­ша мән беріліп отыр.
Бағдарламаны жүзеге асыру диагнозды ерте қою, тиімді емдеу және сырқатты оңалту сияқты үш қағидатқа негізделген. Оны жүзеге асырудың барысында қазақстан­дық­тардың заманауи технология­ларға қолжетімділігі артады. Ол дегеніңіз, нақты айтар болсақ, ядролық медицина, жоғары технологиялы сәулелі терапия, дене жа­рақатын салмай ота жасау, сыр­қаттарға, оның ішінде балаларға жоғары дозалы химиялық терапия әдістерін қолдану деген сөз.
Әрине, осындай күрделі мін­дет­терді жүзеге асыру, ең алдымен, кадрлардың біліктілігіне байланыс­ты. Сондықтан да онкологиялық қызметтің кадрларын және жалпы емдеу жүйесі дәрігерлерін даяр­лауға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға айрықша көңіл бөлінуде.
Бұдан былай онкологиялық қыз­метті қаржыландыру сырқат­тардың санына бағдарланатын болады. Қазір Астанада Ұлттық онко­логиялық ғылыми орталық құру мәселесі қарастырылуда.
Кезінде Ұлттық медици­на­лық холдинг құрылғанда, кей­біреулердің оны үй ішінен үй тігу деп бағалағанын құлағымыз шалған. Жаңа үлгіде, қыруар қаржыға салынған орталықтар қалай жұмыс істеп жатыр?
– Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша құрылған Ұлт­тық медициналық холдинг Астана қаласындағы медициналық клас­тердің аумағында орналасқан жаңа заманауи емханалардың базасында «Болашақтың госпиталі» страте­гиялық жобасын жүзеге асыруда. Холдингке қарасты клиникаларда гемофилия кезінде онкогематология, эндопротез жасауға оф­тол­мо­ло­гияға, кардиохирургияға, интер­венциялық кардиологияға байланысты жаңа қызметтер енгізіліп, позитронды эмиссиялық томография әдісі арқылы онкологиялық басқа да ауруларды ерте анықтау әдістері игерілуде.
2011 жылы салынған Кардиохирургия ғылыми орталығы денсау­лық сақтаудың халықаралық озық үлгісін ғылыми практикамен шебер ұштастырып отырған осы саладағы ұлттық бренд болып табылады. Оның негізгі қызметі инновация­лық медициналық технологияларды пай­далана отырып жоғары маман­дандырылған кардиология­лық және кардиохирургиялық кө­мек көрсе­туге, сондай-ақ сырқат­тарға кардиохирургия және кардиология салаларында амбулатория­лық зерттеуден білікті медицина­лық көмек пен кешенді оңалту аралығында ғылы­ми-ағартушылық қызметті өрістету­ге бағытталып отыр.
Қазір біздің клиникаларымызда жүрек-қантамырлары ауруларын емдеуде озық технологиялар қол­данылуда, таяуда ғана біз үшін армандай болып келген аса күрделі оталар жасалуда. Еліміз бойынша тұтастай алғанда 2011 жылы жү­рекке 8 мыңнан астам, оның ішінде 6,5 мың адамға ашық жағдайда ота жасалды. Орталықтың ашылуы 1130, оның ішінде 300-дей балаға кардиохирургиялық жоғары технологиялы оталар жасауға мүмкіндік берді. Бұрын мұндай сырқатқа ұшырағандар шетелдік мамандар­дың көмегіне жүгінетін.
Ұлттық медициналық холдинг­тің клиникаларында бірегей оталар жасалуда. Мысалы, былтыр Кардиохирургия ұлттық ғылыми орта­лығында алғаш рет қосымша қан айналымының шағын қондырғысы имплантацияланды. Бүгінгі күні осындай 20 ота жасалды, ағымдағы жылы тағы 30 ота жасау жоспарлануда. Таяуда ғана Ана мен бала ұлттық орталығында 14 жасар балаға ота жасау арқылы туысқан донордан кемік майын трансплантациялау жүзеге асырылған еді. Сырқат бала сауығып, үйіне аман-есен оралды.
Холдинг құрамына кіретін Ана мен бала ұлттық орталығы JCI халықаралық стандарттарының талаптарына сай аккредиттеуден өтті. Елбасымыз бен Үкімет келешекте еліміздің барлық деңгейдегі (облыс, республика) медициналық ұйымдарын JCI сертификациялауынан өткізуді ұсынып отыр.
Көліктік медицина қызме­тін ұйымдастырудың ұтымды жақтары, болашағы жайлы айтып берсеңіз.
– Еліміздің көлік қатынауы қиын шалғай аймақтарында, село­лық жерлерде тұратындар үшін медициналық қызметтің қолжетім­ді­лігін қамтамасыз ету мақсатында көліктік медицинаны дамытуды қолға алып отырмыз. Сөйтіп, «Ден­саулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» деп аталатын үш пойызды жолға шығардық. Олар қысқа мерзімнің ішінде 110 стансаға соғып, 50 мыңнан астам адамды, оның ішінде 14 мыңдай баланы қабылдады, тұрғындарға 260 мыңнан астам емдеу-диаг­нос­тикалық қызметін көрсетті. Сани­тарлық авиация бойынша респуб­ли­калық үйлестіру орталығы құ­рылды. Өткен жылдың шілде айынан бергі уақытта хирургтердің, травмотологтардың, урологтардың, анестезиологтар мен реанимато­лог­тардың, акушер-гинеколог­тар­дың, балалар дәрігерлерінің ақыл-кеңестерін ұйымдастыру мақса­тын­да 600-ден астам ұшу сапарлары жүзеге асырылды. Үстіміздегі жылы Қазақстанда шығарылатын 6 ЕС-145 тікұшағын сатып алу жос­парланып отыр. Ал мамыр айында 2 Ка-32 тікұшағы қызмет көрсете бастады.
Өткен кезеңде 50 жылжымалы кешен сатып алынып, аймақтарға жеткізіліп берілді. 2011 жылы жылжымалы медициналық кешендер 100 мыңға жуық диагности­калық, 73 мың лабораториялық зерттеулер жүргізді, мамандардың 145 мың ақыл-кеңесін ұйымдас­тырды, барлығы медициналық ба­қылаумен 150 мыңнан астам адамды қамтыды.
Республикалық маңыздағы жол­дарда жол-көлік оқиғаларына тап болған адамдарға дер кезінде медициналық көмек көрсету мақса­тында аймақтарда 6 трассалық ме­ди­циналық-құтқару бекеттері ұй­ым­дастырылып, оларға 6 арнайы жабдықталған көлік бөлінді. 2011-2015 жылдар аралығында автомобиль жолдарының аса қауіпті деп танылған учаскелерінде тағы 40 медициналық-құтқару бекеттерін ұйымдастыру көзделіп отыр.
Емдеу мекемелерін, сырқат­тарды дәрі-дәрмекпен қамтама­сыз етудің жайы қалай? Бола­шаққа бағдарланған нақты жос­парлар бар ма?
– Мемлекеттік бағдарламада сыр­қаттарға дәріханаларды, дәрілік препараттарды таңдауға, дәріхана­лар­дың санын көбейтуге мүмкіндік беретін амбулаториялық емдеу жү­йесін жетілдіру көзделген. Осыған орай амбулатория жағдайында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі қайта қаралды. Мұның өзі қазіргі уақытта диспансерлік есепте тұрған сырқаттарға дәрі-дәр­мекті тегін пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.
Амбулаториялық деңгейде, оның ішінде аса қымбат нозология бойынша дәрі-дәрмек алатын сыр­қат­тардың регистрін жасау мемлекет кепілдік беретін дәрі-дәрмекті әр сырқаттың нақты пайдалануын қадағалауға жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасында фар­мацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдар­ға арналған салалық бағдарлама шеңберінде фармацевтикалық өнер­­­кәсіп кәсіпорындарында ха­лық­аралық стандарттар сапасын енгізу жөнінде жұмыстар жүргі­зі­луде. Өткен жылы отандық өндіру­шілерден медициналық техникаларды сатып алу жөнінде мемле­кеттік сатып алу ұйымдастырылды. Медициналық жабдықтарды ли­зингтік шарттар бойынша сатып алу жүйесі енгізілді.
Дәрі-дәрмекті және медицина­лық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуда бірыңғай саясат жүргізу мақсатында 2009 жылы тегін ме­дициналық қызмет көрсетудің ке­піл­ді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектер, медициналық жабдық­тар сатып алуды жүзеге асырумен айналысатын Бірыңғай дистрибьютор анықталған болатын. Бұл жү­йені дамыту, ең алдымен, тұрғын­дардың денсаулығын нығайтуға, өмір сапасын жақсартуға бағыт­талып отыр. Дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз етуде іркіліс болмауы қажеттігін ескеріп, үстіміздегі жылы сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұ­йымдар бойынша тендер өткен жылдың қыркүйек-қазан айларында өткізілді.
Көптеген өңірлерде білікті кадрларға деген сұраныс барынша жоғары екені айтылып жүр. Жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту мәселесі қалай шешілуде?
– Жылма-жыл емдеу мекемеле­рінің материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқаны тұр­ғындарға жақсы мәлім деп ойлаймын. Сол сияқты, медицина қыз­меткерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту, олардың еңбекақысын өсіру бағытында да нақты шаралар қолданылуда. Дегенмен, медицина қызметкерлері үшін ең басты сый­лық, қуаныш – ол сырқаттардың айығып кетуі. Мұның өзі біздің алдымызға кадрлардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды ұдайы жетілдіре беру міндетін қояды. 2011 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасында ме­ди­ци­налық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырым­да­масы бекітілген болатын. Осыған сәйкес білім беру менеджменті жүйесіндегі барлық мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары сертификаттаудан өткізілді. Медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарын аккредитациялау жүйесі енгізілді. Медицина және фармацевтика кадрларын диплом алғаннан кейін даярлау мә­селесі де ұдайы назарда. Оның шеңберінде жоғары оқу орнынан кейін қосымша кәсіптік білім беру қарастырылған. Өткен жылы бар­лық жоғары оқу орындарында ин­терндерді аттестациядан өткізудің қанатқақты жобасы жүзеге асырылды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында медицина кадрларын даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарын бітірушілердің білімін тәуелсіз сараптамадан өткізуді енгізуді тап­сырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі осы тапсырманы жүзе­ге асыру және «Саламатты Қазақ­стан» бағдарламасын орындау үшін Астана қаласында медицина қызметкерлерінің білімі мен дағ­ды­сына баға беретін респуб­лика­лық тәуелсіз орталық және Алматыда оның филиалын ашуды жос­парлап отыр. Олардың жұмысына кәсіби қауымдастықтарды тартпақ­пыз. Қазір бұл бағыттағы жұмыс­тар басталып кетті.
2011 жылы дәрігерлердің білік­тілігін арттырумен айналысатын Алматы мемлекеттік институты базасында, медициналық білім берумен және ғылыммен айналысатын 12 жетекші ұйымның қатысуымен, кадрлардың біліктілігін кешенді арттыру мақсатында инновация­лық-білім беру консорциумы құ­рыл­ды. Нақ сол жылы республи­калық бюджет қаржысы есебінен 34 мыңнан астам дәрігерлер мен орта буын кадрлар отандық оқу орындарында және ғылым ұйымда­рында өз білімдерін жетілдірді. Шетелдік білікті мамандарды ша­қы­ра отырып, шеберлік сыныптарын өткізу практикасы да кеңінен қолданылуда. Сонымен бірге өткен кезеңде 198 қазақстандық маман озық халықаралық медициналық технологияны игеру мақсатында Германияның, Литваның, Ресейдің, Белоруссияның, Израильдің, Жапо­нияның, Чехияның клиникаларына жіберілді. Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұ­жырымдамасының жобасы жасалуда. Оны қабылдау кадрлардың бә­се­кеге қабілеттілігін дамытуға жол ашады. Сайып келгенде, мұ­ның бәрі тұрғындарға білікті медици­налық қызмет көрсетудің кепілі болып табылады.
Рас, кадр мәселесі барлық жерде біркелкі шешіліп отырған жоқ. Әсіресе, селолық жерлерге білікті медицина қызметкерлері керек-ақ. Бұл мәселені де ойдағыдай шеше­тінімізге сенімдіміз. Осы мақсат­пен жас мамандарды ауылдық емханалар мен ауруханаларға тарту үшін оларға көтерме жәрдем ақы төлеу, тұрғын үй алуға көмек көрсету сияқты әлеуметтік қолдау жасалуда.
Жыл сайын Медицина қызмет­кер­лерінің кәсіби мерекесі қарса­ңында «Ең үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша да конкурс өткізіліп тұрады. Мұндай іс-шаралар жастарды ауыл медицинасында жұмыс жасауға ынталандырады деп ойлаймын.
Бүгінгі сұхбатымыз Медицина қызметкерлері күніне тұспа-тұс келіп отырғандықтан, сала басшысы, дәрігер ретінде әріптестеріңізге деген тілегіңізді естісек.
– Бүгінгі таңда еліміздің медицина саласында 65 мыңдай дәрігер, 149 мың орта буын медицина кадр­лары еңбек етуде. Олардың әр күні қауырт еңбекке, тосын жай­лар­ға толы. Өздеріңіз ойлап қара­ңыздар, бір тәуліктің ішінде ғана дәрі­гер­лер жергілікті жерлерде 2 мыңға жуық ота жасап, 1 мыңнан астам өмір есігін жаңа ашқан нә­рес­тені қабылдап алады екен. Ал жыл сайын біздің қызмет­кер­леріміздің алдынан 3 миллионнан астам адам өтеді. Міне, осының бәрі біздің қызметкерлері­мізден аса білім­ділікті, жоғары адами қасиеттерді, әркез мол қайтарым­мен жұмыс істеуді талап етеді. Бүгінгі күні мен өзімнің әріпт­ес­теріме жоғары бі­ліктілігі, өздері таңдаған ма­ман­дыққа адал­дығы, қа­йырым­дылығы, адамдарды қа­тарға қосу, ал көп жағдайда оларды ажалдан арашалап қалып жатқан қажырлы еңбегі үшін ризашылық білдіргім келеді. Баршасына зор денсаулық, табыс, отбасында бе­реке-бірлік, игілік тілеймін.
– Әңгімеңізге көп рахмет. Ел игілігіне бағытталған еңбекте­ріңіз жана берсін.

Құрметті тең төраға мырзалар!
Мәртебелі Ханымдар мен мырзалар!

Алдымен Ауғанстан Үкіметінің қонақжайлығы мен конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырушыларына шын көңілден алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.
Ауғанстанның қайта қалпына келуі – біздің ортақ мақсатымыз, бұл Ауған халқының өз ниетімен де жарасымды болып келеді.
Бұл мақсатта көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Мұның дәлелі Стамбұлда, Бонн және Чикаго халықаралық форумдары мен Астана мен Абу-Даби байланыс топтарының отырысы дәлелдейді,
Стамбұлдық үдерісінің жүзеге асуы қазіргі таңда өз нәтижесін көрсетті. Біз Ауғанстанға байланысты сенім шараларының нығаюы бойынша ынтымақтастықтың 7 (8) бағытын қабылдадық.

Біздің көзқарасымыз бойынша, АИР ішкі сұхбатының ұлттық келісімнің орнауы бойынша табысына маңызды көңіл бөледі. Тек елдің ішкі келісімі ғана жалпы мақсттарды шешуге шынайы жол аша алады. Тұрақтылық пен қауіпсіздік – Ауғанстан халқының пайдасы үшін жасалатын экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асыруына зор кепіл бола алады.
Ауғанстан бойынша ынтамақтастықтағы басымдылық, бiздiң пiкiрімізше экономикалық өлшемге жатады. Бұл Душанбеде өткен RECCA конференциясының 5-шi отырысындағы қорытындылары растайды, оған Ауғанстан бойынша Токио конференциясы бағыттайтын болады. Ахуалдың тұрақтануына бiрқалыпты дамуға бағытталған реформалар мен елдегi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң жақсаруы, бiлiмнің деңгейi мен басқа да адамгершiлiк стандарттар негiз болу керек.
Қазақстан Ауғанстанмен екiжақты сауда-экономикалық ынымақтастығын дамытуды жалғастыруда.
Өздеріңізге белгiлi, Қазақстан 2010 жылдан бастап ауған азаматтарының еліміздегі оқу орындарында бiлiм алу бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Қазақстан аймақтың энергетика және көлiк инфрақұрылымдарын дамыту саласындағы халықаралық жобаларын қолдайды. Бiз Ауғанстан темiр жол желiсiнiң дамытуындағы Қазақстанның қатысу мүмкiндiгін қарастырудамыз. Бiздiң ортақ мақсатымыз - Орталық және Оңтүстiк Азиядағы сауда - көлiк маршруттарын бірлестіру болып табылады. Қазақстан ол үшiн Түрiкменстан шекарасына дейiнгі темiр жол тармағы аймағының құрылысын аяқтап үлгерді. Бiз сонымен бiрге түрiкмен және ауғандық әрiптестеріміздің бұл жолдағы өз аймақтарын тез арада бiтiретіне үмiт бiлдiремiз.
Қазақстан өңірдегi пайдалы инфрақұрылым жобаларын қолдауға дайын. Бiз «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» атты орасан зор жобаны жүзеге асырып келеміз.

Құрметті ханымдар мен мырзалар,
Бүгiн біз есiрткiлердің жасырын өндiрiсі мен трафик мәселелерi туралы көп айттық. Бұл мәселеге қатысты, өкiнiшке орай, iс жүзiне қарағанда талқылануы көбiрек. Мәселенің өте күрделi және көп қырлы сұрақ екенін түсінеміз. Сонымен бiрге бiз бұл есiрткi сатудағы табыс жолының терроризм, қылмыс, сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономиканың қаржыландырудың тура көздерi екенін түсiнуiмiз қажет.
Қазақстан Үкiметiнің Ауған ұлттық қауiпсiздiк күштерiне 2015 жылы қаржы қолдауын көрсету туралы шешімін қабылдағаны өздеріңізге мәлім. Біздің көзқарасымыз бойынша, Ауған ұлттық қауiпсiздiк күштерiнің келешектегі басты мақсаттарының бірі НАТО мен ХҚЖК (Халықаралық Қауіпсіздік жәрдем күштері) бірлесіп, есірткі кәсібіне қарсы күрес жасау керек. Сонымен бiрге бұған Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы әрекеттесуі қажет. Мемлекеттердiң және аталған құрылымдардың күшімен осындай әрекеттерге қарсы тұру ісінің тиiмдiлiгiне ықпал тигiзуіне қабiлеттi болатына сенеміз.

Ханымдар мен мырзалар,
Ауғанстан мәселелерiнiң реттелуi барлық халықаралық құрылымдар мен аймақтық бiрiктiрулердiң өзара әрекеттесуіндегі икемді тетіктерді орнатуды талап етедi. Ең алдымен бұл – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, НАТО,ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б.
Ауғанстан Үкiметiн бүгiн тағы бiр рет құттықтағым келедi! Өткен аптада болған ШЫҰ Саммит басқосуында Ауғанстанға ұйым бақылаушысы мәртебесiн беру туралы шешiмі қабылданды.
Қазақстан ауған мәселесін шешу үшiн нақты қадамдарын көп жақты тетiктер шарасы арқылы жүзеге асырып келеді. Ол 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-ғы бiздiң төрағалығымыз тұсында қалай болса, ИЫҰ СІМК төрағалық шеңберiнде де солай.
Осы жұмыс ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан АӨСШК шеңберiнде де жүргiзiліп келеді. Атап айтсақ, бiз сенiм шараларының күшейту саласындағы Стамбұл үдерісі мен АӨСШК мүше- мемлекеттерi арасындағы өзара әрекеттесудегi ұтымды деңгейлерді орнатуға ұсыныс жасадық. Бұл жұмыстың қорытындылары бүгiнгi қорытынды декларацияда бекiтіледі деген үмiттемiз. Ал бұған қарсы жүріс ү.ж. қыркүйегiнде Астанада өтетін АӨСШК Министрлiк кездесуінде, оның 20 жыл толуына орай жасалатын болады.
Бүгiн евроатлантикалық, еуропалық және еуразиялық қауiпсiздiк кеңiстiктерi едәуiр мөлшерде бiр-бiрiн қиып өзара толықтырып отырады. Бұл барлық мемлекеттер континентінің бiртұтас және бөлiнбейтiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету негiзінде жаңа қауіпсіздік архитектурасының пайда болуына серпінді қызмет көрсетедi.
Өз сөзімді аяқтай келе, Қазақстанның Ауғанстанмен екiжақты және көпжақты форматта одан әрі қарай ынтымақтастық жолын жалғастырудағы ниетін растағым келедi.

Назарларыңызға рақмет!

Құрметті форумға қатысушылар!
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан дәстүрлі «Астана-Инвест 2012» инвестициялық форумының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.
Форум әлемдік дағдарыс жағдайында туындап отырған мәселелерді бірлесе отырып, жан-жақты талқылауға мүмкіндік тұғызып отыр.
Сонымен қатар Астана Форумы Қазақстанның Европа мен Азия арасын жалғастырушы маңызды экономикалық және саяси факторға айналып отырғанының жарқын көрінісі.


Уважаемые гости и участники форума!
Дамы и господа!

От имени Правительства Республики Казахстан рад приветствовать вас на ставшем традиционном, инвестиционном форуме «Астана-Инвест 2012».
Проведение данного мероприятия в рамках Астанинского Экономического Форума глубоко символично. Оно стало значимым событием в деловой жизни столицы нашего государства.
Это уникальная возможность для диалога и прямых контактов между политическими и деловыми кругами разных стран.
Для столицы и нашей республики в целом, это эффективный способ для продвижения инвестиционного потенциала.
О роли Астаны, как моста, между Европой и Азией свидетельствуют: проведение саммита ОБСЕ, съезда лидеров мировых и традиционных и религий и другие мероприятия.
Быстрые темпы экономического, социального и культурного развития столицы делают ее весьма привлекательной для инвестиций.
Для дальнейшего качественного и быстрого роста Астаны актуальны проекты развития городской инфраструктуры. Это огромный по емкости инвестиционный рынок! Столице нужны современные технологии. Они должны быть энергоэффективны и направлены на энергосбережение.
В целях создания благоприятного инвестиционного климата Астаны, с 2002 года в городе действует Специальная экономическая зона «Астана – новый город».
В целом, в Казахстане действуют 9 специальных экономических зон и 4 индустриальные зоны (ЮКО - 2, Алматинская обл. - 1, ВКО - 1) с ориентиром на высокотехнологичные производства.
Создана необходимая правовая база для осуществления и поддержки инвестиционной деятельности. Законодательством установлен широкий пакет мер государственной поддержки, начиная от льготного налогообложения до софинансирования и обеспечения необходимой инженерной инфраструктурой.
Политика создания максимально комфортных условий для привлечения инвестиций в несырьевые экспортоориентированные и высокотехнологичные производства отражена в Государственной программе форсированного индустриально-инновационного развития, которая успешно реализуется с 2010 года.
В рамках программы Правительством разработаны системные меры и инструменты поддержки инвесторов.
Определены приоритетные отрасли, в числе которых горно-металлургический комплекс, нефтехимия, машиностроение, агропромышленный комплекс.
Выявлены перспективные «нишевые» (или «якорные») проекты, направленные на производство продукции с высокой добавленной стоимостью. При этом, высокий потенциал в энергетических ресурсах и доступ к рынку соседних стран делают Казахстан еще более привлекательным для развития экспортоориентированных производств.
Политика максимальной открытости и стабильности, проводимая нашим государством, вызывает все большее доверие со стороны зарубежных инвесторов.
Об этом свидетельствуют объемы привлеченных и накопленных прямых инвестиций. С 1993 года Казахстан привлек 147 млрд. долларов США. По этому показателю мы занимаем первое место среди стран Центральной Азии и второе место среди стран СНГ.
Согласно оценке международного рейтингового агентства Standard&Poor's наша страна стоит на первом месте среди стран СНГ по долгосрочному рейтингу в иностранной валюте, достигнув в ноябре 2011 года уровня «BBB+» (трипл би плюс). Данный показатель определяет кредитную перспективу страны как «стабильную».
В свою очередь, Всемирный Банк поставил Казахстан на 47 место из существующих 183 в рейтинге «Ведение бизнеса - 2012» (Дуин бизнес). Здесь мы значительно опережаем страны СНГ. А по показателю «уровня защиты иностранных инвесторов» мы вошли в десятку стран с наилучшими условиями защиты интересов инвесторов.
Поэтому мы еще раз призываем наших зарубежных партнеров смело расширять свое инвестиционное присутствие в Казахстане.
Создавайте совместные предприятия, открывайте производства!
Формат Форума дает возможность лучше понять экономические, правовые и иные условия ведения бизнеса в нашей стране.
Здесь будут представлены интересные идеи и проекты.
Можно будет обсудить перспективы и проблемные вопросы международного и регионального сотрудничества в сфере инвестиций.
Желаю всем участникам «Астана-Инвест-2012» успешной и плодотворной работы!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері

Елбасының ағымдағы жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес Сіздердің талқылауларыңызға Бір салалы қалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы ұсынылады.
Бағдарлама жобасының негізгі тұжырымдамасы ағымдағы жылғы 20 наурыздағы Үкімет отырысында мақұлданған болатын.
Бағдарламаның жобасы облыс әкімдері орынбасарлары мен бір салалы қалалар әкімдерінің қатысуымен Теміртау қаласында өткен семинар-кеңестесте талқыланды, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді.
Жобаның негізгі ережелеріне қысқаша тоқтап өтуге рұқсат етіңіздер.
Бағдарламаның мақсаты орта және ұзақ мерзімді перспективада бір салалы қалалардың орнықты әлеуметтік–экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында бір салалы қалалардың проблемаларын шешуге критерийлерге сәйкес оларды жоғары, орта және төмен экономикалық әлеуеті бар топтарға бөлу жолымен сараланған тәсілдеме қолдану қарастырылған.
Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде қарастыру үшін халқының саны 1,5 млн. адам 27 бір салалы қала іріктеліп алынды, бұл елдегі қала халқының 16 %-ын құрайды.

Анықтама:
6 қаланың жоғары, 19-ның орташа, 2-нің төмен әлеуеті бар (Арқалық, Жанатас).
Әлемдік тәжірибені және өзімізде бар проблемаларды талдау нәтижелерін ескере отырып бір салалы қалаларды мемлекеттік қолдау шараларының келесі басымдықтары ұсынылады.
1 басымдық. Әлеуеті төмен бір салалы қалалардың бірінші кезектегі көкейкесті проблемаларын шешу.
2 басымдық. Әлеуеті орта бір салалы қалаларды дамыту үшін жағдай жасау.
3 басымдық. Әлеуеті жоғары бір салалы қалаларды бұдан әрі орнықты дамыту.
Бір салалы қалалардың проблемаларын шешу үшін олардың топтастырылуын және басымдықтарын ескере отырырып, келесі міндеттерді іске асыру көзделіп отыр:

Бірінші. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты бір салалы қалаларды оңтайландыру.
Бір салалы қалалардың экономикалық әлеуетін және оларды жаңадан мамандандырудың мүмкіндіктерін анықтау жұмысы жүргізілетін болады. Оның қорытындысы - әр бір салалы қала бойынша олардың перспективасы мен болжамды халық санын анықтай отырып ұзақ мерзімді кезеңге Кешенді дамыту жоспарларын әзірлеу болады.
Нәтижесі бойынша қалаларды оңтайландырылу мүмкіндігін ескере отырып, олардың бас жоспарларына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жоспарларына түзетулер енгізу қарастырылады.

Екінші. Экономиканы әртараптандыру және ШОБ дамыту.
Бұл бағыт шеңберінде келесі іс-шаралар ұсынылады.
Біріншіден, бір салалы қалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптарандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру.
Ол үшін облыс әкімдіктері Индустрияландыру картасы шеңберінде әрбір бір салалы қала үшін кемі бір-үш жобаны іске асыруды ұсынуы қажет.
Екіншіден, қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды құруы.
Анықтама:
«Казцинк» компаниясының қосалқы цехі болған Риддер қаласындағы «Казцинкмаш» зауытын кеңейту және модернизациялау үлгісі бойынша.
Үшіншіден, ұлттық компаниялардың қосалқы және қызмет көрсетуші өндірістерді, тапсырыстарды бір салалы қалаларда олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып орналастыруы.
Анықтама:
Бұл әдістеменің үлгісі ретінде теміржол саласына қызмет көрсету өндірісінің Екібастұз қаласында ашылуы.
Төртіншіден, жекелеген бір салалы қалаларда бұрынғы мамандануын қалпына келтіру үшін стратегиялық инвесторды тарту.
Анықтама:
Мысалы, Қаратау қаласына «Еврохим» АҚ. Әлеуеті төмен және орта қалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырып жатқан заңды тұлғаларға өндірістік жеңілдіктер ұсынылатын болады.
Бесіншіден, «тұйықтық» проблемаларын шешу және бір салалық қалалардың транзиттік әлеуетін дамыту (Арқалық, Жезқазған).
Алтыншыдан, шағын және орта бизнесті дамыту.
Бағдарлама шеңберінде бір салалы қалаларда ШОБ-ті қолдаудың келесі шаралары қарастырылған:
- салалық шектеулерді алып тастай отырып әлеуеті төмен және орта бір салалы қалалар үшін несиелердің пайыздық ставкаларын 7 ден 10 %-ға дейін субсидиялау мөлшерін жоғарылату;
- жаңа өндірістерді салуға 1,5-нан 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грант ұсыну;
- шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды іске асыру (мемлекет пен қала құраушы кәсіпорындар). Қазірдің өзінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен, «Қазақмыс» ЖШС-мен, «Казцинк» ЖШС-мен алғашқы Меморандумдарға қол қойылды;
- кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру.

Үшіншіден. Бір салалы қалалардағы еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшуге ынталандыру.
Оған келесі шаралар ықпал ететін болады.
Біріншіден, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында іске асырылатын механизмдерге ұқсас даярлау, қайта даярлау және кадрлар біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Екіншіден, бір салалы қалалардың жастарын облыстардың техникалық және кәсіптік білім беру орындарында оқытуға жағдай жасалатын болады.
Үшіншіден, бір салалы қалалар халқының облыстар мен республиканың өсу орталықтарына ерікті түрде көшуі ынталандырылатын болады.
Тұрғын үй салу шаралары Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағыты бойынша іске асырылып жатқан тұрғын үй салу механизмдеріне ұқсас шаралармен үйлестірілетін болады.
Төртінші. Бір салалы қалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау.
Жоғары және орта әлеуеті бар бір салалы қалаларда тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын бекітілген нормативтерге дейін жеткізе отырып реконструкциялау (сумен, электрмен, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация).
Әлеуеті төмен бір салалы қалалар үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды халық санын оңтайландыру болжамын ескере отырып ең төмен қажетті деңгейде ұстап отыру ұсынылады.
Бұдан басқа, бір салалы қалаларда коммуналдық меншіктегі апаттық және ескі үйлерді жөндеу және қалпына келтіру, ал жекелеген қалаларда оларды бұзу жұмыстары ұйымдастырылатын болады.
Бір салалы қалалардың проблемаларын шешу шараларын жеделдету үшін а.ж. наурызда бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттен бірінші кезектегі абаттандыру жұмыстарына пилотты түрде 6 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы Бағдарламаны іске асыру жұмысының келесі алгоритмі ұсынылады.
Бірінші. Облыс әкімдіктері Экономикалық даму және сауда министрлігінің әдістемелік ұсыныстарының негізінде әр бір салалы қаланың Кешенді жоспарын әзірлеуге тиісті.
Екінші. Экономикалық даму және сауда министрлінің жанындағы жұмыс тобы әр Кешенді жоспарды зерделеп, конкурстық негізде таңдаулы жобаларды (іс-шараларды) мемлекеттік қолдау көрсету үшін және одан кейін Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведоствоаралық комиссияның қарауына енгізу үшін іріктеп алады.
Үшінші. Ведомствоаралық комисссия Жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып Кешенді жоспарларды, сонымен қатар республикалық бюджет, даму институттары мен ұлттық компаниялар есебінен іске асырылатын инвестициялық жобаларды мақұлдайды.
Төртінші. Іріктеліп алынған бюджеттік инвестициялық жобалар қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде басымды түрде тиісті бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізіледі.

Жалпы Бағдарламаны іске асыру үшін үш жылдық мерзімге сомасы 2013 жылға – 38,2 млрд. теңге, 2014 жылға – 43,2 млрлд. теңге және 2015 жылға 53,9 млрд. теңге қаражат қарастылған.
Анықтама:
2013: 2-ші бағыт (әртараптандыру және ШОБ дамыту): 9,6 млрд. теңге, 3-ші бағыт (еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру): 1,58 млрд. теңге, 4-ші бағыт (инфрақұрылымды дамыту): 27,0 млрд. теңге;
2014: 2-ші бағыт: 11,5 млрд. теңге, 3-ші бағыт: 1,7 млрд. тенге, 4-ші бағыт: 30,0 млрд. теңге;
2015: 2-ші бағыт: 12,1 млрд. теңге, 3-ші бағыт: 1,81 млрд. тенге, 4-ші бағыт: 40,0 млрд. теңге.

Басқа шағын қалалар.
Бір салалы қалалармен қатар Бағдарламада ағымдағы жылы бір салалы қалалар тізбесіне кірмеген шағын қалаларды да дамыту жөнінде Кешенді жоспарлар әзірлеу қарастырылған.
Іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл бюджеттердің әр деңгейінен бірлесіп қаржыландыру принципіне сәйкес келеді деп ойлаймын. Ірі қалалрды республикалық бюджет өзіне алады, шағын қалалар өңірлер есебінен қаржыландыруға тиісті.

Жалпы, Бағдарламаны іске асыру екі кезеңге бөлінген - бастапқы (2013-2015 жылдар кезеңі) және сенімді даму кезеңі (2020 ж. дейін). Бұл 2020 жылы келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиісті:
1. Бір салалы қалаларда белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың санын 4 есе көбейтуге (2011 жылмен салыстырғанда).
2. Бір салалы қалаларда кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 6%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендету (2015 жылға жоспарланып отырған ең төмен күн көріс деңгейін есептеу Әдістемесін өзгертуді және оны жоғарылатуды ескергенде).
3. Бір салалы қалаларда жұмыссыздық деңгейін 5,0%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендету.
Ұсынылып отырған Бағдарламаның жобасында көрсетілген бір салалы қалалардың проблемаларын шешудің негізгі тұғырлары осындай.

Қолдауды сұраймын!

Ауылды дамытудың айшықты міндеттері
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында республиканың аграрлық секторы алдына бірқатар міндеттер қойғаны белгілі. Олар қалай жүзеге аспақ? Аталған сала қандай бағыттар бойынша дамымақ? Осы және басқа да сауалдарды Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВКЕ қоюды жөн көрдік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдингін құру қажет», деді. Мұның мүмкіндігі мен тиімділігі қандай?
– 2011 жылы дәнді дақылдар егістігінен 27 миллион тонна көлемінде рекордты өнім жиналды. Сол кезде астықты сақтау мен уақтылы өткізу мәселелерінің өткір сипат алғаны белгілі. Республикада мұншама мол астықты сақтау үшін қажетті қуаттылықтар (НҚК, элеваторлар, астық қоймалары, вагондар мен терминалдар, көліктік-логистикалық желілер) жетіспеушілігі орын алды. Соның салдарынан жиналған өнімді жедел түрде экспортқа бағыттауда немесе республика ішінде сақтап қоюда қиындықтар туындады. Мұның барлығы ақыр аяғында астықтың рыноктық бағасына, соған сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қаржылық жағдайына ықпал етеді.
Агроөнеркәсіп кешені инвестиция тартуда тәуекелі мол сала ретінде сипатталатыны белгілі. Осыған байланысты Қазақстанда біртұтас астық холдингін құру астық саласын құрылымдап, астық рыногын реттеудегі мәселелер жүйелі әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Бұл істе ең алдымен экспорт инфрақұрылымы мен көлік логистикасын дамыту, астық сатылымын ұйымдастыру істері күн тәртібіне қойылып отыр. Мұның барлығы өз кезегінде ауылшаруашылық құрылымдарының қаржылық жағдайына септесетіндігі түсінікті.
Мемлекет басшысы 2012 жылдың 27 қаңтарында өткен кеңейтілген отырыста егін алқаптарын әртараптандыру жөнінде сөз қозғаған болатын. Бұл іс қалай жалғасын таппақ?
– Ауыл шаруашылығының дамуы үшін егіс алқаптары құрылымдарын әртараптандыру мәселесі маңызды стратегиялық мәнге ие. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып біз бидайдың дара дақыл егісінен алшақтамақпыз. Оның үлесі бүгінгі күні республика бойынша ғылыми негізделген 45-50 пайыздың орнына 65-66 пайызға дейін жетсе, егін егетін негізгі аймақтар – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 78 пайызды құрап отыр.
Көзделген мақсаттарға жету үшін облыстарға ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптарының көлемдері бойынша индикативті көрсеткіштер жеткізіліп, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс және аудан әкімдері арасында, сондай-ақ аудан әкімдері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілер арасында меморандумдар жасалатын болады.
Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптарын әртараптандыруға кедергі келтіріп отырған негізгі проблеманың бірі – астықты және майлы дақылдардың тұқымын сақтау үшін олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеретін арнайы сыйымдылықтар санының жетіспеушілігі. Осыған сәйкес арнайы сыйымдылықтардың санын көбейту жоспарлануда. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» ұлттық холдингімен бірлесе отырып экспорттық бағытта және егін егетін негізгі аймақтарда орналастырылатын астық сақтау сыйымдылықтарын 1 миллион тоннаға дейін кеңейту мәселесін пысықтауда.
Астықты артық өндіру сату кезінде көптеген қиындықтарды туындататыны белгілі. Осы жағдайды ескере келе, 2013 жылдан бастап бидайды және басқа да дәнді дақылдарды өндіруге бөлінетін субсидияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізілмек. Осы тетіктер бойынша лизингілік бағдарламаларды арзандатуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге маусымдық жұмыстарды жүргізуге берілетін несиелерді кепілдендіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алуға қайта бағдарлау көзделуде.
Елбасы министрлікке ветеринария жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұған қаншалықты тез жетуге болады?
– Аталмыш жұмыс 2008 жылдан бастап жүргізілуде. Қазіргі таңда аймақтық бөлімшелері бар жеке Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті құрылды. Жергілікті атқарушы органдарға аймақтарда эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ететін орындарда ветеринарлық ұйымдар құру құқығы берілді. 2011 жылы ірі қара малдарды бірегейлендіру жұмыстары аяқталды. Үстіміздегі жылы ұсақ малдарды, шошқа, түйе, жылқыларды бірегейлендіру жұмыстары жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы малдарын ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келетін союды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде еліміз бойынша 1 558 мал сою нысандары, оның ішінде 207 сою пункттері және 1 313 сою алаңдары бар. Аталмыш жұмыс өз жалғасын таппақ.
Халықаралық эпизоотиялық бюромен (ХЭБ) өзара әрекеттесу жандандырылды. Биыл Үкімет пен ХЭБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. ФАО және ҚР АШМ арасындағы техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің «Ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобалары шеңберінде ветеринарлық заңнаманы халықаралық талаптарға сай жетілдіру, ветеринария жүйесін жетілдіру, ветеринария саласында мамандардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленбек. Аталған халықаралық ұйым аттестаттаудан өткізген сарапшылардың тобы жасақталды. Олар ветеринарлық қызмет жұмысының тиімділігін бағалау үшін елімізге бірнеше мәрте келіп кетті.
Кадр мәселесі де назардан тыс қалмауда. Ауылдық аймақтарда ветеринарлық дәрігерлердің жетіспеушілік проблемасын (бүгінде 1 846 бос орын бар) шешу мақсатында әлеуметтік сала мамандарына көрсетілетін көмек секілді 2012 жылдан бастап ауылды елді мекендерге қызмет етуге келген ветеринария мамандарына мемлекеттік қолдаудың ынталандыру шаралары енгізілмек.
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген Үкімет отырысында жоспарда тұрған 126 ветеринарлық зертхананың тек 27-сі ғана салынғаны айтылған болатын. Жоспарланған нысандардың іске қосу мерзімдері неліктен артта қалып келеді? Қалған ветеринарлық зертханалар қашан іске қосылмақ?
– Жалпы, еліміздегі ветеринарлық зертханалардың құрылысына тоқталсақ, 2008-2010 жылдар аралығында 9 аудандық және 11 облыстық зертханалар іске қосылды.
Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылға арналған стратегиялық жоспары бойынша 2011 жылы 44 аудандық, ал 2012 жылы 62 аудандық ветеринарлық зертханалар салу көзделген болатын. Десек те, 2011 жылы құрылысы жоспарланған нысандардың 6-ы ғана салынып, қолданысқа берілді. 37 аудандық зертхананың құрылысы аяқталмаса да, құрылыс жұмыстарын өткізу мерзімі мен нормаларына сай жалғастырылып келеді. Қалған 63 ветеринарлық зертхананың құрылысы үстіміздегі жылы басталмақ.
Ветеринарлық зертханалар құрылысының жоспардан артта қалуының негізі себебі, олардың ерекшелік жобаларын сараптаудан өткізу барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» заңға сай процедуралардың көп сатылылығына байланысты. Конкурстық ортаның болмауынан мемлекеттік сатып алу процедурасын қайта өткізуге тура келеді. Бұл жұмыстардың дер кезінде жүргізілмеуіне себеп болады. Сонымен бірге, салынып жатқан нысандардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын белгіленген нормалар мен уақытқа сай 10 айдың ішінде өткізу керек. Осыған үлгермеушілік бар.
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану маңызы артып келеді. Осы туралы не айтасыз?
– Өсімдік шаруашылығындағы тиімді өндіру мәселесін шешу ісі ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлерді ұтымды пайдаланумен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің форумында атап көрсеткеніндей, қазіргі кезде бізде ауылшаруашылық жерлерінің көп бөлігі пайдаланылмай жатса, екінші жағынан алғанда бос жерлердің жоқтығы салаға инвестициялар тарту үшін үлкен кедергі келтіруде.
Иә, біздегі үлкен алқаптарға және біздің республикамызда халықтың тығыз орналасуының төмендігіне қарамастан, инвесторлар бос жерлер таба алмайды. Бұл нағыз парадокс жағдай. Аталған мәселені шешу үшін қазіргі кезде министрліктің қарамағына Республикалық агрохимиялық қызмет орталығы берілген. Орталықтың міндеті белгілі бір мерзімділікпен жердің жай-күйі туралы қорытынды бере отырып, топырақты тексеру болып табылады. Оның қорытындысы жер құнарлылығының нашарлауына жол берген тиімсіз жер иелерінен жерлерді алып қоюға негіз бола алады.
Сонымен қатар, егінжай тарихы кітабын жүргізу, ұтымды пайдалану ережелерін белгілеу және т.б. бірқатар жүйелі шараларды қарастыратын шаралар кешені әзірленген. Аталған шаралар жер иелерін жерді ұтымды пайдалануға әкімшілік тетіктері арқылы мәжбүр етеді.
Қазіргі күні әкімдіктер өз өңірлерінде жерді түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылардың негізінде жердің белгілі бір бөлігі мемлекетке қайтарылуда. Бірақ бұл шараның өзі мәселені толық шешпейтіндігі анық. Нарықтық тәжірибе көрсеткендей, бұл іс-шаралар басты мәселені – жер иелерінің жерді барынша тиімді пайдалануға экономикалық қызығушылығы мәселесін шешпейді. Осындай жағдайдың орнығуына әсер етіп отырған бірден-бір объективті себеп, біздің пікірімізше, жерді иелену ақысының төмендігі болып табылады. Осы жағдай ол жерде ешбір еңбек етуге деген ниеті де жоқ адамдарға сол жер телімін «болашаққа» деп алып, ешбір әрекет етпестен сақтап қоюға, жер телімінде қоғамға экономикалық пайда әкелетіндей ешбір жұмыстар жүргізбеуге және өзінің бұл бей-берекеттігінен айтарлықтай шығын шекпеуге мүмкіндік береді. Яғни, «меншік міндеттейді, ал оны пайдалану қоғамдық игілікке қызмет етеді» деген құқықтық қағида мәселенің бұл тұсында іске аспай қалып отыр.
1986-1990 жж. белгіленген арнайы салық режімі немесе 2003 жылдан бері қайта қаралмаған жердің кадастрлық (бағалау) құнының жиынтығы жер төлемінің қазіргі нарықтық сипатына сай келмейді. Осы ретте тек соңғы 10 жылдың ішінде ғана жалпы өнім бағасының 2,3 есе өскенін, ал жыл сайынғы инфляция деңгейі орташа есеппен 6 пайызды құрағанын айта кеткен жөн.
Осы жағдайларды ескере отырып, министрлік салық заңнамасын жетілдіру бо-йынша мәселені пысықтау үстінде. Заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылуда. Ол өзгерістердің мәні жұмыс істеп жатқан жер иеленушілерінің жалпы салық жүктемесін ұлғайтпай-ақ жер салығының үлесін арттыру болып табылады. Аталған ұсынысты Үкімет жанындағы Салық салу мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес мақұлдады. Демек жақын арада салық заңнамасына тиісті түзетулер енгізілетін болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын жандандырудың қажеттілігін атап өтті. Министрлік осы жобаға қандай жаңалықтар енгізуді жоспарлап отыр?
– Қазіргі таңда 17,7 мың орынға арналған бордақылау алаңдарының құрылысы қаржыландырылып, 13,5 мың бас көлемінде ет бағытындағы ірі қара мал әкелінді. Фермерлік шаруашылықтарға «Сыбаға» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиелер беру жалғастырылуда. Фермерлік және шаруа қожалықтарында ірі қара малдың 55,6 мың аналық басы алынды. Жалпы, жоба шеңберінде 2500 фермерлік шаруашылық құру жоспарланып отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ет бағытындағы мал тұқымын жақсарту мақсатында асыл тұқымды бұқалар кеңінен қолданылуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Өткен жылдың соңында мал тұқымын асылдандыру ісін реформалауға бағытталған және оны халықаралық стандарттарға бейімдейтін заңға Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Заңда қабылданған өзгерістердің арқасында тауар өндірушілердің субсидияға қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Алғаш рет шаруалар селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізуімен байланысты ішінара арзандатылған шығын құнына субсидия (1 қысыр және сиыр басына 12,0 мың теңге) алады. Мұнымен шаруашылықтардың көлемі мал басының санымен шектелінбейді. Ірі және шырынды мал азығын субсидиялау бойынша 1 басқа 4,5 мың теңге қарастырылған және 2011 жылы 50 бастың орнына меже 30 ірі қара малдың аналық басына дейін төмендеген. Сөздің қысқасы, осы жылдан бастап шаруашылықтар бір аналық мал басына 16,5 мың теңге субсидия алатын болады.
Құс шаруашылығы, қой шаруашылығы, мал азығын өндіру, жайылымдық шаруашылық бағыттары қалай дамымақ?
– Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмаларына сай 2012 жылы еліміздің мал шаруашылығы алдында жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мен қалпына келтірудің ауқымды міндеті тұр. Осы міндет бойынша бірінші кезеңде шахталық және құбырлы құдықтар қалпына келтіріледі. Екіншіден, жайылымдық жерлер жақсартылады. Келесі дамытылатын тағы бір маңызды бағыт – құс пен малдың генетикалық әлеуетін жақсарту ісі болып отыр.
Негізгі жігерімізді, жайылымдықтар мен шабындықтарды мал азығын өндіру мен қой шаруашылығының дамуына бағыттайтын боламыз. Осыған орай үстіміздегі жылы «Жайылым туралы» жаңа заң әзірлеу жоспарланып отыр.
Фермерлердің қаржыға деген қолжетімділігін кеңейту қалай жүзеге аспақ?
– Өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қаржылық институттар алдында міндеттемелерді кепілдендіретін аймақтық қорлар құру жоспарлануда. Оны жүзеге асыру: кредит берушілер тарапынан қарыз алушыларға деген талаптар деңгейінің төмендетілуіне, АӨК субъектілерінің қаржылық жағдайына әсер ете отырып, олардың қаржы ресурстарын тартудағы қызығушылығы мен экономикалық ынтасының ұлғаюына, қаржылық мекемелердің АӨК саласындағы несиелік-инвестициялық қызметтерге деген қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аграрлық өндірістің жеке инвестицияларға тәуекелділігін төмендету үшін қарыздардың кепілдендіру жүйесін құру мақсатында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет шеңберінде 1 мың гектарға дейін көлемдегі шағын және орта ауылшаруашылық құрылымдарына арналған қарыздарға кепілдеу жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті қаражаттар қарастыру жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы Үкіметке бөлшек саудаға берілетін мемлекеттік көмекті делдалдарсыз жүргізудің тетіктерін жасап енгізуді жүктеді. Бұл туралы не айтасыз?
– Қазіргі уақытта ауылдық кооперативтерді құру мен қызмет ету рәсімдерін жеңілдетуді қарастыратын және ауылдық кооперациялар мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңдарды біріктіретін жаңа заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық кооперативтерге серпін беру мақсатында сүт қабылдау пункттері жүйесін құру мен қайта өңдеу кәсіпорындарына қант қызылшасын белгіленген бағамен кепілді сатып алу тетігін механизімін енгізу жөнінде бюджеттік өтінімдер берді. Бұл істі әрі қарай ынталандыру АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың барлық үлгілерін тек қана ауылдық тұтыну кооперативтері мүшелеріне бағыттай отырып қамтамасыз етуді көздейді.
Әңгімеңізге рахмет.

Құрметті Бас хатшы!
Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!

Ең алдымен, қытайлық достарға жылы шыраймен қабылдағаны және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысын өткізуге тамаша жағдайлар жасағаны үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Мұнымен бір уақытта қытай әріптестерімді «Тату көршілік пен достық жылы» ұранымен өтіп жатқан ШЫҰ-ға табысты төрағалығымен құттықтағым келеді.
Жүргізіліп отырған жүйелі әрі дәйекті жұмыстың арқасында Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің алдағы отырысына әзірліктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі деп сенемін.
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Пекинде МБК отырысының күн тәртібінің жобалары мен қорытындысы бойынша қол қоюға ұсынылатын құжаттарының тізімін жалпы қолдайды. Сарапшылар басқосуға дейін қалған уақытта оларға қатысты түпкілікті келісу үшін барынша күш салады деп ойлаймыз.
Алдағы уақытта ШЫҰ-ны орта мерзімдік келешекте дамыту стратегиясының негізгі бағыттарын бекітуді қолдаймыз. Болашақта осы құжат ШЫҰ-ны дамытудың толыққұнды әрі сүбелі стратегиясын әзірлеуге негіз болады деп санаймыз. Біз туындайтын қауіп-қатерлерге барабар әрі жедел жауап қайтару үшін болашаққа бірлесе қарауымыз қажет.
ШЫҰ-ның Өңірдегі бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайларға жауап қайтаруының саяси-дипломатиялық іс-шаралары мен тетіктері туралы ережені жаңартуды Ұйымның жедел қимылдауын жоғарылату және қызметін жетілдіру жолындағы оңды қадам деп қараймыз. ШЫҰ дағдарысты жағдайларда алдын ала сақтандыру тәртібінде жұмыс істеуге қабілетті тиімді аймақтық бірлестікке айналуы тиіс екеніне сенеміз.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың ШЫҰ Болжау орталығын құру туралы бастамасын іске асыру жағдайды дер кезінде талдауға, туындайтын қауіп-қатерлерге жауап қайтару бойынша іс жүзіндегі кепілдемелерді әзірлеуге, сондай-ақ байсалды да ұтымды шешімдерді қабылдауға септігін тигізер еді. Мұндай құрылым ШЫҰ жұмысының болжамдық және аналитикалық құрамдас бөлігін жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, қолданылатын шешімдердің жедел атқарылуын жоғарылатады деп санаймыз.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2013-2015 жылдарға арналған Лаңкестікпен,сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтасу бағдарламасын бекіту бұл салада өзара әрекеттесудің құқықтық негіздерін жетілдіруге септігін тигізеді деп сенеміз. Бағдарлама сонымен бірге ШЫҰ кеңістігінде «үш қырсық күштің» пайда болу мен таралу себептері мен шарттарын айқындауға, жоюға мүмкіндік туғызады.
Есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша ынтымақтастықтың үш деңгейлі тетігін дамытуды қолдаймыз және Астанада саммитте қабылданған ШЫҰ-ның 2011-2016 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын дәйектілікпен іске асыруды және оны жүзеге асыру жөніндегі Бағдарламаны жақтаймыз. Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күресу жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық және үйлестіру орталығымен (ОАӨАҮО) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасымен тығыз ынтымақтасу өзара әрекеттесу туралы қазіргі құжаттарға негіз болуы қажет деп санаймыз.
Қазақстан Президентінің Ш Ы Ұ шеңберінде Киберпол - кибертерроризм және киберқылмыстылықпен күресу органын құру туралы бастамасын іске асыруды маңызды деп санаймыз. Осы ұсыныс ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасында Халықаралық ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ынтымақтасу туралы келісімді (2009ж., Екатеринбург) іс жүзіне асыруға бағытталған.
Көрсетілген бағыттар бойынша ШЫҰ-ның БҰҰ,ТМД, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, АСЕАН, ИЫҰ және АӨСШК-пен ынтымақтасу ауқымы кеңейтуді маңызды деп есептейміз.
Құрметті әріптестер!
Қазақстан ШЫҰ шеңберінде экономикалық және гуманитарлық өзара әрекеттесуді дамытудың белсенді жақтаушысы болып отыр. Нақты экономикалық жобаларға қатысты келісу бойынша өткізілетін жұмысты қолдаймыз.ШЫҰ жобалық қызметін қаржылық қамтамасыз ету тетіктерінің жұмыс жасауы нысандары бойынша пәтуаны іздестіруді жалғастыру маңызды деп санаймыз. Біз барлық мүше мемлекеттердің мүдделеріне сай келетін және Шанхай ұйымы аясында іс жүзінде өзара әрекеттесуді ілгерілету мүмкіндік туғызатын ұсыныстармен жұмыс істеуге әзірміз. Бұл жұмысқа ШЫҰ Іскерлер кеңесін және ШЫҰ Банкаралық бірлестігін белсенді түрде Тарту қажет деп ойлаймыз.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында Халықаралық автомобиль тасымалдарына қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қойылуы мүмкін екенін оң бағалаймыз. Бұл орайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі кезінде теңдіктің сақталу және ШЫҰ елдерінің көлік қызметін көрсету нарықтарына автокөлік тасымалдаушыларының тең құқықпен шығу қажеттігіне назар аударамыз. Азық-түлік қауіпсіздігінің су ресурстарының таусылып бара жатқан көздерімен тікелей байланысты екенін ескере отырып, біз ШЫҰ шеңберінде су және азық-түлік түйткілдері жөніндегі құрылымды құруды ұсынған болатынбыз. Біздің көзқарасымызша, ол барлық мүше мемлекеттердің мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді және ШЫҰ кеңістігінде дағдарысты жағдайлардың пайда болуына жол бермейді.
Құрылып жатқан ШЫҰ Энергетикалық клубы елдерімізде энергия ресурстарының негізгі өндірушілерін, сондай-ақ тұтынушыларын біріктіретін Іскерлер кеңесінің бір бөлігі болуы
тиіс деп ойлаймыз.
ШЫҰ-ның ЕурАзЭҚ, ЭСКАТО, Кеден одағымен,БРИКС, СПЕКА ЕЭК-пен экономикалық мәселелер бойынша өзара ықпалдасуын маңызды деп санаймыз.Гуманитарлық салада ШЫҰ Жастар кеңесі мен Университетінің қызметіне оң қараймыз. Мәдениет, білім, денсаулық сақтау, ғылым мен техника, туризм мен спорт, сондай-ақ жастар саясаты саласында өзара әрекеттесу елдеріміздің халықтарының гуманитарлық байланыстарын кеңейтудің және рухани мәдениетін байытудың берік негізін қалайтынына сенеміз.
Құрметті әріптестер!
Ықтимал қауіп-қатерлерге тиісінше қарсы әрекет ету мақсатында көкейкесті халықаралықпроблемалар және ШЫҰ шеңберінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелер бойынша консультациялардың тетігін әрі қарай жетілдіру керек.
Бас қосу уақытында аса көкейкесті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасуды аса маңызды деп санаймыз.Қазақстан Ауғанстанның орнықты және тұрақты дамуына мүдделі. Біз әлемдік қоғамдастық пен БҰҰ бұл елдің Үкіметімен тығыз ынтымақтаса отырып, Ауғанстандағы саяси реттеу мен экономикалық қалпына келтіруде белсенді рөл атқаруы тиіс деп ойлаймыз.
Қазақстан халықаралық қоғамдастық тарабынан қатаң қадағалау арқылы тапсыру сыртқықаржылық көмекті реформалау мен тиімді қолдану үшін негізгі жауапкершілікті ауған
Үкіметіне жүктеу керек деген пікірді ұстанып отыр. Ауғанстандағы жағдайдың әрі қарай дамуы оның негізгі қатысушыларының, соның ішінде мүше мемлекеттер мен АИР-дың жақын көршілері болып табылатын ШЫҰ жанындағы бақылаушыларының осы елді қайта құру үдерісіне қосатын үлесіне тәуелді болады.
Біздің еліміз – Кабулдың өңірдегі ықпалдасу үдерістеріне белсенді тартудың жақтаушысы. ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесін алуға оның өтінішін қанағаттандыру Ауғанстанмен экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені тек дипломатиялық әдістер арқылы ғана реттеуді жақтайды. Оны күшпен шешуге талпыну болжамсыз геосаяси, экономикалық және экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Тегеранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану құқығын қолдай отырып, біз Иранның ядролық қызметінің ашықтылығын және оның МАГАТЭ нормаларына сәйкес мен бақылауымен жүзеге асырылуын жақтаймыз.
Бұл жағдайды шешу үшін қосымша жолдарды іздестіруге, соның ішінде «бес плюс бір» нысанын қолдануға шақырамыз. Қазақстан ядролық қарусыздану және ядролық қауіпсіздікті нығайту үдерісіне сүбелі үлес қосқан мемлекет ретінде, қажет болатын жағдайда, бұл нысанда келіссөздер үдерісін ілгерілету алаңын беруге әзір. Қазақстан Сириядағы оқиғалардың өрбуін мұқият қадағалап отыр және бұл елде жағдайдың тезірек тұрақтануына үміт білдіреді.
Бұл тұрғыда біз БҰҰ ҚК-тің Сирия жөніндегі тиісті шешімдерін және тараптардың Кофи Аннан жоспарын іске асыру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз.
Біз ИЫҰ СІМК Төрағасы ретінде 2011 жылдың 30 қарашасында ИЫҰ Атқарушы комитетінің төтенше отырысын өткіздік. зорлықты тоқтататуды, бейбіт диалогты, шетелдік араласуға жол бермеуді және Сирия халқына гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету қажеттілігін қоса алғанда осы кездесудің Қорытынды Мазмұндамасының негізгі қағидалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ деп есептеймін.
Халықаралық қоғамдастықтың әрекеттері шиеленісті бәсеңдетуге, саяси диалогты орнатуға және Сирия халқына гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге септігін тигізуі тиіс. Түйткілді күрделенудің орнына мұндай әрекеттер бұл елде және жалпы өңірде орнықты бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетуге бағытталуы тиіс.
Құрметті әріптестер!
Қазақстан бақылаушы мемлекеттер мен диалог бойынша әріптестерді ШЫҰ қызметіне белсенді түрде тартуды жақтайды. Алғашқы бақылаушыны (Моңғолияны 2004 ж.Ташкентте; Үндістан, Иран және Пәкістанды Астанада 2005 ж. қабылдаған) қабылдау уақытынан бері 8 жыл өтті, ал диалог бойынша әріптестерді (Беларусь және Шри-Ланканы 2009 ж. Екатеринбургте қабылдаған) - 3 жыл өтті. Өкінішке орай, осы мерзімде бұл нысанның әлеуеті толық қолданылған жоқ және бұл елдердің ШЫҰ қызметіне қатысуы үстіртін күйінде қалуын жалғастыруда.
Соңғы уақытта олардың бәрі ШЫҰ нысанында өзара белсенді әрекеттесу тілегін жиі мәлімдей бастады. Олардың кейбіреулері өз мәртебесін жоғарылату туралы өтініштерімен жүгінуде.
ШЫҰ реттеуші құжаттарына сәйкес берілетін өтінімдерді мұқият зерделеу мезгілі келді деп ойлаймыз.
Қазақстан сонымен бірге Түркияның ШЫҰ-ның диалог бойынша әріптес мәртебесін алу ниетін қолдайды.
Құрметті әріптестер!
2013 жылдың басында Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдарының басшылық етуші құрамының айналымы жүргізіледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мұратбек Сансызбайұлы Иманалиевтің ШЫҰ Бас хатшысы және Жеңісбек Мұхамедкәрімұлы Жұманбековтың ШЫҰ ЛҚӨҚ Атқарушы комитетінің Директоры лауазымдарын атқарған кездегі жұмысына жоғары баға бергім келеді.
Бұл мерзімде Ұйым айтарлықтай күшейді және бейбітшілік пен қауіпсіздікті, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету факторы ретінде орнықты.
Ресей мен Қытайдан көрсетілген лауазымдардың орнын басуға жаңа кандидаттар, сондай-ақ ШЫҰ тұрақты жұмыс істейтін органдары лауазымды тұлғаларының көп ұлттық жасағы басталған бағытты жалғастырады және ШЫҰ-ны әрі қарай нығайтуға және дамытуға септігін тигізетініне сенемін.
Ықыластарыңызға рахмет!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Ең алдымен, эстондық әріптесім Урмас Паэтқа елімізге келген сапары әрі жемісті өткізілген келіссөздер үшін алғысымды білдіргім келеді.
Қазақстан достас Эстониямен ынтымақтастықты дамытуға зор мән береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың сәуір айында Таллин қаласына жасаған Мемлекеттік сапары екі ал арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан кеңейтуге қуатты серпін қосқанын айтқым келеді.
Біз бүгін Министр мырзамен Мемлекет басшысының былтырғы сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын талқыға салдық, жоғары деңгейде нақты істер мен жаңа уағдаластықтарға берілген серпінді өзгертуге өзара ұмтылуымызды атап өттік.
Эстонияның Астанадағы Елшілігінің сыртқы ресми түрде ашылуы осы көңіл-күйімізді жарқын айғақтап отыр. Біз биыл Қазақстан мен Эстония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 20-жылдығын атап өтеміз. Екі жақты тауар айналымы көрсеткіштерінің аздығына қарамастан оны ұлғайтуға елдеріміздің әлеуеті зор. Оны арттырудағы көп үміт беретін мүмкіндіктердің бірі – еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін барынша пайдалану.
Біз қазақстандық жүктерді және энергия тасығыштарын еуропалық нарықтарға жеткізу үшін эстон порттарының терминалдары мен тарату орталықтарына мүдделіміз. Бұл жерде Таллин және Силламяэ порттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің келешегі бар.
Эстония электрондық үкіметті құруда, тұрғындарға электрондық қызметтерді көрсетуде табысқа жетудің тамаша әлемдік деңгейін иеленді.
Отандық экономиканы дамытудың инновациялық бағытын ескере отырып, біз осы бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға әзірміз. Машина жасау, ауыл және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тамақ өнеркәсібі саласында ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор болып отыр.
Біз сондай-ақ өзара түсіністік пен ашықтық рухында халықаралық саясаттың, өңіріміздегі жағдайдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмастық. Астана Таллинге халықаралық деңгейде, соның ішінде ЕҚЫҰ-ға төрағалықтың кезеңінде қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін алғысын білдіреді.
Біз эстон тарабының алғашқылардың қатарында Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында Ынтымақтасу туралы жаңа базалық келісімді жасасу туралы бастамамызды қолдағанын жоғары бағалаймыз.
Біз ЕО-ның Орталық Азиямен Жаңа әріптестігі стратегиясының аясында Эстониямен өзара ықпалдасуды кеңейтуге ниеттеміз.
Сөзімнің соңында өткен келіссөздер мемлекеттеріміздің бағыттардың кең ауқымы бойынша екі жақты әріптестікті дәйектілікпен нығайтуға талпынысымызды тағы да таныттық деп атап өткім келеді.

Тәуелсіздік күзетіндегі 20 жыл
Жақында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Қазақстан әскерінің қалыптасуы мен даму тарихы – бұл көптеген жанқиярлық істен құралған, орасан зор ерен еңбектің шежіресі екендігін бүгін біз мақтанышпен айтуға қақылымыз. Мереке қарсаңында Қазақстан армиясының құрылысы, жауынгерлік әзірлігі, әскери ынтымақтастығы жөнінде газет тілшісінің сұрақтарына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ жауап берді.
Әділбек Рыскелдіұлы! Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихына тоқталсаңыз. Өткен 20 жыл ішінде еліміздің әскери ұйымын реформалау барысында қандай өзгерістер болды? Қарулы Күштер қандай әскер түрлері мен тектерінен құралған?
– Егемен Қазақстан армиясының тарихы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қарулы Күштерді құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастау алады. Оның қалыптасуы әскери құрылыстың негізгі қағидаттарын белгілеуден басталды, нормативтік-құқықтық базасы жасалды мақсаты мен армияның неге арналғаны анықталды. Іс жүзінде қаржы жүйесі, әскерлерді материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету тыңға түрен салғанмен бірдей болды, сонымен қатар өзекті және ұзақ мерзімді міндеттер шешілді.1993 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының бірінші Әскери доктринасы қабылданды. Құжатта Қазақстан қандай жағдайда да, егер ол өзі немесе одақтасы қарулы басқыншылықтың нысаны болмаса, ешбір мемлекетке қарсы, бірінші болып әскери қимыл жасамауы бейнеленді. Доктринада біздің ел ешкімге қауіп төндірмейтіндігі, барлық мемлекеттермен қауіпсіздік мүддесі негізінде өзара байланыс жасауға дайын екендігі, әскери үстемдікке ұмтылмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан халықаралық өмірдегі барлық мәселелерді шешуге қатысуға әрбір мемлекеттің, ұлттың тең дәрежеде құқылы екендігін таниды, күштеу саясаты мен жанталаса қарулануға қарсы.
Кейінгі жылдары Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы 2000 жылы бекітілген екінші Әскери доктринаға негіз болды.
Дәл осы құжатта алғаш рет нормативті түрде Қарулы Күштерді еліміздің ішкі жалпы өнімінің 1 пайызынан кем емес көлемде бағдарламалық мақсатта кепілді қаржыландыру бекітілді. Жаңа доктрина Қарулы Күштердің құрылысы мен оны реформалаудың басты бағыттарын анықтады: әскери-аумақтық құрылымға ауысу, әскери білім мен әскери кадрларды дайындау және тағы басқалар.
2007 жылы қабылданған Әскери доктринада мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып өңірлік қолбасшылық әскерлерінің белгіленген жауапкершілік аумағында міндеттерді шешу мәселесіндегі нақты дербестігін қамтамасыз ету және стратегиялық бағыттарда толық қамтамасыз етілген әскер топтарын құру болып айқындалды.
Осыған байланысты салыстырмалы талдау бойынша ел мүмкіндігінің Қазақстан Қарулы Күштерін пайдалануды жоспарлаудың негізгі принциптері: сызықтық тактикадан нүктелі операцияларды жүргізуге өту; басқарудың және ақпараттық қамтамасыз етудің жылдамдығын арттыру; әлемдік стандарттарға сай техникалық жабдықтау қайта қаралды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында барлығы төрт Әскери доктрина қабылданды. Бірақ барлық құжаттарда және де қазіргі 2011 жылы қабылданған қолданыстағы Әскери доктринада әскери қауіпсіздік саласындағы мемлекеттің саясаты қорғаныс сипатында екендігі нақты көрсетілген.
Армияның алғашқы жылдардағы қалыптасу кезеңі өте күрделі болғандығы түсінікті. Жағдайды кадрлардың жетіспеушілігі ауырлатты. Тек Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тиімді шара қолдануының арқасында жағдайды өзгертуге және Қарулы Күштердің қаңқасын сақтап қалуға, сонымен бірге олардың келешекте үдемелі дамуына жол ашуға қол жеткізілді.
Кез келген жағдайда мемлекеттің әскери қауіпсіздігін аса күрделі сәтте қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар армияны құру мен дамыту мақсатын көздеген екі онжылдық өтті.
Бүгінде Қазақстан ұтқыр, жабдықталған, дайындықтан өткен, байланысы мен ақпараты қамтамасыз етілген, қару-жарақ пен әскери техникасы жетілдірілген, сапасы жағынан байланыс жүйесі жақсарған армияны дамытуда.
Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштері сияқты оңтайлы үш түрлі құрылым бар. Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылық, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлері, Ракета әскерлері мен артиллерия кіреді. Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінен тұрады. Стратегиялық бағыттағы өздігінен жеткілікті әскерлер топтамасын құру аяқталды.
Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай мақсаттар мен тапсырмалар тұр?
– Жаңа Әскери доктрина бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес Қарулы Күштерді кешенді дамыту анықталған. Осы іс-шараларды іске асыру әскерлердің сапалық параметрін арттыруға және Қарулы Күштердің жоғары жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етуге, Қарулы Күштер қызметінің бейбіт уақыттағы негізгі міндеті – жауынгерлік дайындықтың сапасы мен қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде біз әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың, арнайы құралдардың заманауи үлгілерімен кезең-кезеңмен жарақтандыруға барынша назар аударып отырмыз.
Қарулы Күштер дайындығының биылғы негізгі тапсырмаларының бірі Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды кепілді қамтамасыз ететін жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Қарулы Күштердің даму үдерісінің ажырамас бір бөлігі әскери қызметшілердің дайындық сапасын арттыру болып табылады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру үшін Қарулы Күштердің өсу деңгейін көрсететін тәжірибелік іс-шаралар кешені жоспарланып жүзеге асады. Бұл көп үлгідегі әскерлерді тарта отырып, бірлескен операцияларды жоспарлау мәселелері қаралатын командалық-штабтық, тактикалық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын өткізіп тұру деген сөз.
Былтыр 2010 жылмен салыстырғанда, жауынгерлік дайындықтың қарқыны 11 пайызға артты. Сонымен қатар, біз өз елімізде өткізілетін жаттығуларды былай қойғанда, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп өткізілетін және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері шеңберінде өткізілетін оқу-жаттығуларға да тұрақты қатысамыз.
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің рөлі мен маңызы қандай?
– Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті негізінен жоспарлаушы орган болып табылады. Заманауи әскери қақтығыстар мен әлемдегі, қала берді аймақтағы әскери-саяси ахуалды зерделей отырып, Комитет әртүрлі әскери оқу-жаттығуларын әзірлеп, оны өткізу әдістемелерін жоспарлайды. Осыған байланысты жауынгерлік дайындық сапасын арттыру мен әскерлердің жауынгерлік әзірлік жоспарын құруға айрықша көңіл бөлінеді.
Құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің жеке құрамын жүйелі түрде оқыту нақты жүйелей білу мен тұтас іс-шаралар қатарын жоспарлауды қажет етеді. Оның ішінде тапсырмаларды анықтап, оқу үдерісін жасау, бағдарламаларды әзірлеп, жоспарлау және жауынгерлік дайындықты көптарапты жүзеге асыру бар.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бүгінде Қарулы Күштердің қызметінде жұмылдыру резервінің дайындығына айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда біздің шақыру және дайындықтан өткізу жүйеміз толықтай жетілдірілді. Жеке құрамды жасақтау келісім-шарттағы әскери қызметшілердің үлесіне басымдық бере отырып, аралас принцип бойынша жүзеге асады.
Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша біз еліміздің барлық әскери міндетті азаматтарын Отанымыздың егемендігі мен тұтастығын қорғауға дайын болуға оқытуға міндеттіміз. Осы мәселелерді шешу мақсатында әскери міндеттілерді оқытудың кешенді жүйесі әзірленді.
Әскерде ешқашан қызмет етпеген қазақстандық азаматтар өздеріне арналған бір айлық жас жауынгер курсында заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеріп, шыңдалып қайтады. Олар үшін елімізде тоғыз оқу орталығы ашылды. Мұндай жиындарды өткізудің негізгі мақсаты – әскери міндеттілердің әскери білімі мен дайындық деңгейін арттыру. Тиісті әскери-есептік мамандықтары бойынша әскери шеберлігін жетілдіру. Жалпы алғанда, Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру. Айтпақшы, осындай жұмылдыру резервін дайындау схемасы әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Заманауи, жоғары дайындалған армия құру бағытында біз бірінші кезекте сержанттар корпусына баса көңіл бөліп келеміз. Сержанттар әскердегі сарбаз дайындығымен тікелей айналысатын тұлға. Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқарма Штабтар бастықтары комитетінің құрамына кіреді.
ТМД-да теңдесі жоқ кәсіпқой сержанттар әзірлейтін Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы кіші командирлердің дайындығына айтарлықтай үлес қосып келеді. Кадет корпусы – бұл кәсіпқой сержанттардың шын мәніндегі институты. Сержанттар құрамын дамытудағы негізгі мақсат – әскерлерді білімді, жан-жақты дайындалған, кәсіпқой сержанттармен жасақтау деген сөз.
Ресей армиясында да кәсіпқой сержанттарға барынша көңіл бөлініп отырғанынан хабардармын. Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, армия генералы Николай Макаровтың Қазақстанға кезекті сапарының бірінде көрші ел әскери делегациясы біздің армияның сержанттар жұмыс істеу принципімен танысқан болатын. Сол жолы ресейлік әріптестер біздің тәжірибемізге қызығушылық танытқан.
Биылғы жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Жедел ден қоятын күштердің өзара іс-қимыл жоспары бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында қандай тапсырмалар тұр? ТМД-ның өзге де елдері Қарулы Күштерімен бірлескен жедел және жауынгерлік әзірлік дайындығы бойынша қандай іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр?
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері алғашқы күннен бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық шараларын өткізуді қарастырып келеді. Бұл әлемге және аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін жағдайларда тиімді қимылдауды қамтамасыз ететін күштерді біріктіру бағытындағы шаралардың бірі.
Бірлескен жаттығулар барысында біздің штабтар пайда болған қатерлерді шешудегі қарулы күштердің өзара іс-қимылын жетілдіріп, әскерлеріміз бірлескен жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге тәжірибе жинақтайды.
Қазақстан Республикасы әскери агрессия жағдайында қауіпсіздік пен ұжымдық қорғанысты бірлесе қамтамасыз ету мүддесін жүзеге асыратын ҰҚШҰ мемлекеттерімен коалициялық әскери құрылыс шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайта түспек.
ҰҚШҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша негізгі тапсырмалардың бірі коалициялық күштерді қолдануды жоспарлау және бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмаларын орындау, әскери контингенттерді дайындау сынды бірлескен жоспарлы шараларды тиімді жүзеге асыру болып табылады.
Сондай-ақ, өзара іс-қимыл жоспары бойынша ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын арттыру тапсырмалары бар. Біз бірлескен іс-қимылдардың формасы мен жолдарын, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бірлескен жүйесін жетілдіре береміз.
Халықаралық терроризммен, діни экстремизммен, сепаратизммен және есірткі бизнесімен күресті күшейтіп, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау үдерісіне қатысу ҰҚШҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады.
ҰҚШҰ Жедел ден қою күштеріне келетін болсақ, Қазақстан бұл бағытта бірлескен жұмыстардың бірден-бір белсенді қатысушысы болып қала бермек. Өздеріңіз білетіндей, Жедел ден қою күштерін тәжірибе түрінде сынақтан өткізу 2009 жылы күзде «Өзара іс-қимыл – 2009» оқу-жаттығулары шеңберінде Қазақстандағы Мәтібұлақ полигонында жүзеге асты. Жаттығуға қатысу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ Жедел ден қоятын ұжымдық күштердің құрамына кіретін елдердің жалпы саны жеті мың адамды құрайтын әскери контингенті келді.
Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан осы жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің, Аэроұтқыр әскерлерінің жауынгерлері, артиллерия және авиация бөлімдері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері қатысты.
2011 жылғы қыркүйек айында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің аумағында кең көлемді бірлескен «Орталық – 2011» стратегиялық оқу-жаттығулары өткізілді. Оған ҰҚШҰ Жедел ден қою күштері мен Орталық Азия аймағындағы Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің бөлімшелері тартылды. Қазақстанның Қарулы Күштері жаттығудың барлық аудандарына қатыстырылды.
Белсенді түрде басталған бірлескен жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҰҚШҰ шеңберінде Арменияда өтетін «Өзара іс-қимыл – 2012» жаттығуларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бөлімшелерінің қатысуы жоспарлануда. Қазан айында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің бітімгерлік жаттығуларын өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің армияларымен де бірлескен жаттығулар өткізіліп келеді. Алдағы маусым айында Тәжікстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде «Бейбіт миссия – 2012» оқу-жаттығулары өткізілмек.
Министр мырза, редакция атынан сізді, сіз арқылы Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамын мерейтоймен құттықтауға рұқсат етіңіз. Бұл мереке Қазақстан әскері үшін нені білдіреді?
– Құттықтауыңызға көп рахмет. Қарулы Күштердің 20 жылдығы – төл әскеріміздің қалыптасуы мен даму кезеңін сараптап, қорытындысын шығарып, болашаққа тапсырмалар белгілеуге мүмкіндік беретін кезең.
Бүгінде Қазақстан халқы Қарулы Күштерін мақтан етеді.
Жастар арасында Отан қорғаушы мамандығын таңдаушылар күн санап артып келеді.
Әскери қызметшілерді мерейлі мереке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Архив

Наурыз
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту